Оларды құрайтын гистологиялық элементтері-жасушалары мен талшықтары ұзартылған пішінге ие. (17.1-сур).
Жасушалар мен талшықтарының цитоплазмасында ұзына бойлы жолақтар айқындалады. Мұнда миофибрилл деп аталатын органеллаларының болуы.
Миофибриллерінің арасында немесе ядросының жанында, бұлшық ет жиырылуын қамтамасыз ететін митохондрияның көп болуы.
Гистологиялық элементтерінде энергияның көзі трофикалық қосындылары (май тамшылары, гликоген гранулдары) бар.
Бұлшық ет элементтерінің жиырылуына қажет Са иондарының жылдам жиналуын және босатылуын қамтамасыз ететін құрылымдары –саркоплазмалық тор, кавеолдар, көбікшелері жақсы дамыған.