Сөж тақырыбы: Дәнекер тіндері және олардың түрлері. Қаңқалық тіндер. Бұлшық ет тіндері



бет9/12
Дата29.12.2021
өлшемі489,32 Kb.
#106139
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
СӨЖ.Гистология.4-апта.

Бұлшықет тіні

Бұлшық ет тіні организмдегі бұлшық еттерді түзіп, қимыл-қозғалыс қызметін атқарады, яғни оларға тән қасиет – жиырылғыштық. Тіннің дамуы-мезенхимадан бастау алады.

  • Бұлшық ет тіндері  қозғалыс қызметін атқаруға мамандандырылған. Олар негізінен мезодермадан (көлденең жолақты тін) және мезенхимадан (біріңғай салалы бұлшық ет) дамиды. Функционалдық белгісі-жиырылу қабілеті бойынша біріктіріледі. Жиырылатын элементтері бірнеше көздерден дамиды және құрылыстары әр түрлі болады. Ішектің, несеп шығаратын жолдардың және т.б. қабырғаларындағы бірыңғай салалы бұлшықет тіні-еріксіз, баяу жиырылады, ішінде жіңішке жіпшелері-миофиламенттері бар ұршық тәрізді клеткалардан тұрады. Қаңқалық көлденең-жолақты бұлшықет тіні адамның еркіне бағынады. Талшықтардың ішінде де көлденең-жолақты миофибрилдер түріндегі өзіне тән элементтері болады. Олардың жиырылу жылдамдығы аса жоғары. Жүректің бұлшықет тіні орналасуы мен құрылысы жағынан қаңқалық бұлшықет талшықтары фибрилдерінен өзгешеленетін көлденең-жолақты фибрилдері бар клеткалардан тұрады. Сонымен қатар жүрек етінің айырмашылығы-біздің еркімізге бағынбай, бірінші жиырылудан бастап өмір бойы соңғы жиырылуға дейін тынбастан жұмыс істеуінде. Көздің қарашығын тарылтып және кеңейтетін клеткалары бұлшықет тінінің жеке түрі болып табылады.



Қаңқалық көлденең-жолақты бұлшықет тіні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет