Бұл термин «феномендерді», яғни санада пайда болатын және «берілетін» құбылыстарды зерттеу дегенді білдіреді. Бұл жердегі әңгіме болмыс пен оның феномені болып табылатын феномен арасындағы қатынас туралы және оны менмен біріктіріп тұрған қатынас туралы ешқандай болжам жасамайақ қабылданатын, ой мен тілге арқау болатын осы берілген нәрсені, «заттың өзін» зерттеу туралы болмақ. Ұзаққа созылатын субстанцияның философиясын немесе сезімталдықты a құрайтын кеңістік философиясын жасау үшін балауыз түйіршігін негізге алудың қажеті шамалы. Ешқандай алғышартсыз балауыздың кішкене кесегін елестете отырып, оны сол күйінде сипаттау қажет болады. Сонымен, феноменологиялық пайымдаудың ішінде қандай да бір сыни сәт, түсіндіруден бас тартуға саятын қандай да бір «(осындай) ғылымды терістеу» (МерлиПонти) қылаң береді: өйткені, мен астында отырып қызыл түс туралы пайымдайтын абажурдың қызыл түсін түсіндіру соның астында отырып қызыл түс туралы ойлағанда, абажур боялған сол қызыл түстен бас тартумен бірдей нәрсе; бұл оны жоғары жиілікті діріл, деректердің қарқындылығы ретінде қабылдап, осы қызылдың орнына «бірдемені», нақты айтсақ, мен үшін енді «заттың өзі» болып табылмайтын физикалистік объектіні қоюмен барабар нәрсе.
Әрқашан рефлексиядан бұрын болатын норефлексивті, предикаттан бұрын болатын нәрсе бар, яғни ол рефлексия, ғылым негізделетін нәрсе және өз есептерін бергенде ол ұстатпай кетеді. Феноменологияның екі келбеті мынадай болады: ғылымға деген күшті сенім ғылымдағы жаңа дағдарысқа жол бермеу үшін оның ғимаратын тұтасымен бекітіп, негіздеуге итермелейді. Бірақ, осы ниетін жүзеге асыру үшін ғылым шеңберінен шығу, «санасыз түрде» өзі орналасатын нәрсеге бойлау қажет болады. Осындай рационалиста ниетті ұстанған Гуссерль рационалистіктен бұрынғы нәрсені зерттеуге бет алады. Бірақ, абайсыз қимылдан осындай рационалистіктен бұрынғы нәрседен рационалистікке қарсы нәрсе, ал феноменологиядан иррационалдылық қамалы жасалуы әбден мүмкін. Хайдегтер Гуссерльден бірнәрсе алса да, біраз нәрсені өзгерткен сияқты. Біз баяндауымызда феноменологиялық мектеп тарихында жазылған мұндай екі ұштылықты жасыруға талпынбаймыз.