Іс-әрекеттің құрылымы: А.Н. Леонтьев анықтаған іс-әрекеттің құрылымын былайша көрсетуге болады:
Қажеттіліктер – ағзаның бір нәрсеге керекті кескінін ұсынатын және іс-әрекетке талаптанатын субъективті құбылыс болып табылады. Барлық қажеттіліктерді екі негізгі топқа бөлуге болады:
биологиялық (виталды)
ақпараттық (әлеуметтік қажеттіліктер негізіне жататын)
Биологиялық қажеттіліктер бұл организмнің өмірлік қажеттіліктері, адам денесінің қалыпты функционалдығына барлық алғашқы қажеттіліктер, денсаулық, физикалық даму, табиғатпен қарым-қатнас, тамақтану қажеттіліктері. Егер адам немесе жануарлар осы қажеттіліктердің әсерінен әрекеттенсе, онда олардың белсенділіктері шектеулі болар еді.