Жобалау ролдері.Жобалау әрекетішеңберінде оның субъектілері тапсырыс берушілер, көшбасшылар, координаторлар (менеджерлер), жетекшілер, эксперттер ретінде қатыса алады. Осы ролдердің әрқайсысы өз қызметтерін атқара отырып, жоба кезеңдерінің өтуінде маңызды. өнімге тапсырыс болмаған соң білім беру жобалары ешкімге қажеті жоқ. Басқарушысыз ресурстарды тартуда және іс әрекет координациясында қиындық туады. Эксперттсіз жоба нәтижесінің әлеуметтік маңыздылығын және жаңалығын талқылау күрделі. Жобалау ролдерінің дифференциациясы жобалауға қатысушылардың практикалық қажеттілігіне немесе әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асырылады.
Педагогикалық жобаларда топталған субъектілерде қатыса алады. Іздеуші, ұшқыш топтар мысал бола алады. Субъект ретінде жобаға қатысушылар сутуативті түрде бірігеді.(масалы, компьютерлік желіні пайдаланушылар).
Типке және масштабқа сәйкес субъектінің қалыптасуы мен таңдау – жоба әрекетіндегі маңызды кезең. Әсіресе оқу жобалау рекетінде өте маңызды. Мысал ретінде жинақталған субъект саласына тән бірнеше жобаларды қарастырайық.
Үлгілеуші жұптар жобалау жүйесінде диада секілді топтық субъектінің алуан түрлілігі ретінде көрініс табады. Оны әртүрлі кәсіби (әлеуметтік, жас ерекшелік) категорияларына жататын қатысушылар қарым қатынас, іс әрекеттің актуалды немесе жобалық эталондық тәжірибесін, жұптық кәсіби іс әрекет шеңберінде эмоционалдық реакция тудыруға қажетті «ішкі» жобалау әрекетін мақсатты түрде қалыптастыру және пайдалану қажет. Жобалық мақсатта құрылған мұндай жұп өз әс ірекетінде инновациялық өзгерістерді үлгілейді.
Мысалы, волгоградтық педагогтардың тәжірибесінде үлгілеуші жұптар – «білім беру ұйымдарының жетекшілері – осы мектептің ағылшын тілінің мұғалімі» құрылды. Курста олар параллельді түрде мұғалім – тілді инновациялық әдіс арқылы үйретуге; директор- инновациялық өзгерістер арқылы басқаруды, инновациялық технологиялардың ағылшын тілін оқытудағы тиімділігінің шартын меғгереді. Қызмет орныныа оралғанда мұғалім меңгерген технологиясын оқыту практикасына енгізе бестады. Директор инновациялық орта, технологияны енгізуге жағдай жасады. Осының негізінде туындаған типтік мәселелер ситуациялық қиыншылықтар, жаңа әсерлер сол мезетте анализденіп, рефлексияға ұшырап келесі жобалау қадамдарын түзетуде ескеріліп отырылды.
Нәтижесінде бірлескен күштің арқасында жұмысқа жас маманды қабылдауда типтік ситуацияда өнімді мінез құлық үлгісі жобаланады. (Аналогиялық тәсіл мектеп басқарушыларының біліктілігін арттыруда курстарда пайдаланылды.)
Жобалық топ.Жобалық топ әлеуметтік педагогикалық немесе білім беру жобаларына тікелей қатысушы адамдардың негізгі шеңбері. Осы шеңбер ішінде жобаны жүзеге асыруды кешенді түрде қамтамасыз ететін қызметтерді бөлу жүреді. Оларға оқыту, сараптау, құжаттарды дасярлау, техникалық немесе әлеуметтік өңдеу, консалтинг, әдістемелік нұсқаулар, іс әрекет координациясы жатады.
Демек, желілік оқыту үшін жобаны топпен қамтамасыз ету тән. Мұндай топтың нұсқасы: топ жетекшісі (оқытушы, ұстаз); әдістемелік координаторлар, оқу (мақсаттық, тақырыптық ) топтарды билейтін көшбасшылар, қажетті программалық өнімдерді жасайтын және сайттар конфигурациясын өңдейтін программист; байланыс тұрақтылығын қамтамасыз ететін техник.
Ұшқыш топтар – жоба логикасында эксперименталды іс әрекеттерді жүзеге асыратын топ. Ұшқыш топ – қандай да бір инновациялық амалдың апровациясының үлесіне түсетін алғашқы жүрістер. Мұндай топтарға әдетте белгісіздік жағдайда тәуекелге бел буып жұмыс істей алатын білікті мамандарды таңдап алады. «Құқықтық білім » жобасы әртүрлі пәндерден сабақ беретін оқытушылардан ұшқыш топтарды құрды.
Жобалаудың жиынтықты субъектілеріне эксперттық, редакциялық және т.б. топтар жатады. Олардың қатарына әртүрлі мекеме, ұйым өкілдерн, мамандар категорияларын кіргіземіз. Жобалау әрекетінің субъектілер құрамы өзгермелі болып келеді.
Педагогикалық жобалау шеңберінде ең ірі субъектілер білім беру мекемелері болып табылады. Субъектілік қасиеттердің көрінуі жобалау объектісі ретінде бір мезетте болатындықтан өзіне тән ерекшеліктері бар. В.Е.Радионова пікірі бойынша педагогикалық жобалаудың объектілеріне екіжақтылық тән. Олардың әрқайсысы күрделі жүйе –өз өзін басқаратын және дамудың ішкі ресурстары бар дербес әлеуметтік «ағза».
Жобалаудың желілік субъектісі. Соңғы жылдары қоғамдық педагогиалық және инновациялық қозғалыста «желілік» атауын алған ортақ амалдармен бірлескен жобалар көбейіп келеді. Желілік ықпалдастықтың феномені формальды емес қарым қатынасқа, ал желіде жобалау жеке тәжірибеге және әлеуметтік ынта білдіруге негізделген. Желілік ықпалдастыққа жалпы коммуникативті ақпараттық кеңістік тән. Бұл желілнің басқа қатысушыларымен ақпарат алмасуға, ақпараттың өзіндік каналдарын ашуға мүмкіндік береді.
Жобалау әрекетінің бірлескен сипаты бірлескен субъекті құру үшін арнайы педагогикалық күш салуды талап етеді. Ол ортақ мақсат, ортақ құндылықтар жүйесін қалыптастыруға, жоба тиімділігін талдауға; оны басқаруға қатысуға, ресурстарды бөлуге ықпал етуге; жоба әрекетінің мақсатын, нәтижесін басқаларға көрсетуге, ұжымдық қолдау және өз жұмысының бағасы ретінде кері байланысқа қол жеткізуге үйренеді.
Жоба әрекетінің бірлескен субъектісінің қалыптасуының жолдары әртүрлі. Класс, студенттік топ, педагогикалық ұжым секілді қоғамдастықтың ішінде жоба мотивациясының болуы. Немесе қандай да бір формальды емес, я болмаса белгілі бір жобаның жүзеге асуына арнайы кәсіби қоғамдастықтың құрылуын мақсатты көздеу. УҒЗҰ (уақытша ғылыми зерттеу ұжымы ) секілді бірлестіктер 1980 жылдардың соңынан бастап білім беру саласында белсенді іс әрекет атқара бастады. Жобалау әрекеті міндетін шешуде әлеуметтік немесе компьютерлік желінің қалыптасуы мүмкін. Педагогтың жоба жүзеге асуында бірлескен субъектінің қалыптасу арысында кездесетін негізгі міндеттерге тоқталайық.
Қатысушылар тобы таңдалды. Жобаға қатысушылар тобы көп жағдайда нақты адамдардың ролдік көзқарасынан, біліктілік деңгейінен, функционалдық міндеттерінен, жеке және кәсіби қызығушылығынан тәуелді. Сонымен қатар оның қалыптасуы білім беру орталықтарында қызмет атқаратын нақты адамдармен (ғалымдар, методистер, әкімшілік, педагогтар, оқушылар, ата – аналар, арнайы және ЖОО – ң өкілдері, министрлік және жергілікті билік өкілдері т.б.) тікелей байланысты.
Желілік қоғамдастықтың қалыптасуына байланысты жобалау субъектісі әртүрлі болуы мүмкін. Бір жағынан желі оның потенциалды қатысушыларының шынайы байланыстарынан біртіндеп қалыптасады. Мысалы, білім беру саясаты Инситуты жобасында біріккен «Эврика» атауын алған мектептердің жағдайы осылай болды. Екінші жағынан желі жобасы белгілі бір әлеуметтік педагогикалық немесе білім беру мәселелерін шешуі мүмкін. әлеуметтік желінің құрылуы да алдын ала ұйымдастырылған жұмысты талап етеді. Осындай жұмыстың бір нұсқасының логикасын иқарастырайық.
Желілік тәртіптегі өнімді іс әрекеттің алғышарты толықтық пен бастапқы кезеңнің өкілдердің дәрежесі болып табылады. Мысалы, қажетті ресурстарды қанағаттандыра алатын әлеуметтік әріптестер шеңбері әлеуметтік ортаның көптүрлілігін үлгілейді. Бастапқы кезеңнңғ өзінде ақ бірлестік, қоғамдастық атмосферасын құру қажет.
Өара әрекеттестіктің табысты болуы үшін бірлескен іс әрекетте жба алды кездесулерге қатысушыларды тарту мотивтердің көрінуі қажет. өзгерістер, жоба лидердері мен координаторларын таңдаудағы анықтық та маңызды. Бірлескен күштің нәтижесінде бірлескен іс әрекетті қайта құруға бағытталған қорытынды «құжат» немесе материалдар пакеті туындайды. Жобалау барысында желілік қарым қатынасты ұйымдастыру үшін қатысушылардың желілік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етіп, өзара ықпалдастыққа регламент қою керек.
Балалар мен ересектердің бірлескен жобалық әрекетінің ерекшеліктері. Жобалау тәжірибесі кіші мектеп жасынан бастап қалыптасады. Сонымен қатар ғалымдар балалардың жобалу әрекетіне қатысуының, олардың білім беру мекмелерінің жобаларына қатысты айырмашылығы аталады. Балалар мен ересектердің жоблауға амалы бақылаулар бар. В.П.Бедерханова ескертпесі бойынша, «балалар мифологиялық кеңістікте жиі жұмыс істейді, олардың қимылы болашақтан осы шаққа қарай жүреді, ересектен айырмашылығы олар өткен шақтан келер шаққа қарай жүреді».
Гуманистік педагогикада жобалау процессінде бала көзқарасы мен ролі туралы сұрақ өте маңызды. Тәжірибе олар вариативті екенін көрсетеді. Бала жобалаушы әрекеттің тікелей белсенді қатысушы ретінде, тапсырыс беруші ретінде, іс әрекетке және оның нәтижесіне қатысты эксперт ретінде болуға қабілетті.
Жобалау әрекетінде қатысушылар арасында қарым қатынастың әртүрлі типтері жиналуы мүмкін:1) кооперацияға бағынышты; 2) жобаны орындаушылары арасында бірлестік пен әріптестік ұсынатын кооперациямен тең; 3) желілік қатынас. Желіге қатынас ерікті түрде белсендіріліп отырылады;
Осылайша субъект ретінде қатысатын ересек үшінде, балалар үшінде жоба әрекетінде өзара жетілу үшін жағдай туындайды. Жобалаудың әрбір қатысушысы сонымен қатар басқа адамдар үшін тұлғалық дамудың ерекше катализаторы болып қалыптасады. Әсіресежобалауда жас ерекшеліктеріне, көпұлтшылдыққа, мәдениетке байланысты мәселелер өте өзекті.
3. Жобалық әрекеттің пәні мен объектісінің ерекшелігі.Жобалаудың әртүрлілігі объектілері мен пәнін құруға бағытталған. Жобалау объектісі пән контексінің қайда деген сұрағына жауап беретін орта немесе процесс. Жобалау пәні – жобада көрсетілетін алғашқы өнім. Жобалаудың пәні мен объектісі өзара бір тұтасқа бірігеді.
Жобалау түрлерінің шеңберінде ерекше пәндерін бөліп көрсетуге болады. Білім беру жобалау: білім беру бағдарламалары; білім беру стандарттары; білім беру мекемелерінің типтері; білім беруді басқару органдары және т.б. Белгіленген объектісі шеңберінде қайта жасаудың пәні таңдалады. Мысалы, педагогикалық процес құрылымында жобалау мақсаты, мазмұны, технологиясы бар. Білім беру құрылымында жобалаудың концепциялары, бағдарламалары, оқу жоспары, дидактикалық материалдар және т.б. Аналогиялық объектілер мен пәні көптеген іс әрекет бейнеленеді, бір бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар. Жобалау әрекетінің пәнінің өзгермелі қасиеті бар.
Демек жобалауда парадокс бар: іс әрекет пәні осы әрекет те пән болмайды. Сонымен қатар, үнемі өзгерісті талап етеді. Осымен байланысты ұйым жүйесінде жоба әрекетінде үнемі жобалау пәнінің шекарасын диагностикалау болып қалыптасады.
Жобалық қатынас шеңберінде авторлық құқық мәселесі туындайды. Жобаны құруда көптеген кезеңнен өтеді, бұл кезеңдердің әрқайсысында кез келген қатысушысы өзінің индивидуалды өнімін құяды. Жобалау өнімдерінің әлеуметтік маңыздылығы жоба қатысушылары алдында авторларды бекіту қажеттігі туады. Инновациялық бағдарламаларды, әдістемелік материалдарды, зерттеу есептерін өңдеумен тығыз байланысты.Мақсатты түрде авторлық құқықты әлеуметтендіруге негізделген бастапқы атериалдарды құжаттау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |