Полисахарид:Менингококкты полисахаридті вакцинаПневмококкты полисахаридті вакцинаІш сүзегі Ви-полисахаридті вакцина Кейбір адамдарға жұқтыратын бактериялар полисахарид (қант) капсуласымен қорғалған, бұл микроорганизмге адам ағзасының, әсіресе нәрестелер мен жас балалардың қорғаныс жүйесінен аулақ болуға көмектеседі. Полисахаридті вакциналар осы капсулаға қарсы иммундық реакцияны ынталандырады Конъюгацияланған вакциналар:Hib (гемофильді B инфекциясына)қарсы Вакцина,А және В тобындағы менингококк вакцинасыПневмококкты конъюгацияланған вакциналар (ПКВ7, ПКВ10, ПКВ13) Конъюгацияланған вакциналар:Hib (гемофильді B инфекциясына)қарсы Вакцина,А және В тобындағы менингококк вакцинасыПневмококкты конъюгацияланған вакциналар (ПКВ7, ПКВ10, ПКВ13) Нәрестелер мен жас балалар әдетте т жасушаларына тәуелсіз механизм арқылы антиденелер өндірісін ынталандыратын полисахаридті вакциналарға жеткілікті жауап бермейді. Анатоксиндер – ұлы қасиетінен айырылған, бірақ антигендік және иммундық қасиетін сақтаған бактериялардың залалсыздандырылған экзотоксиндері. Анатоксиндерді макроорганизмге бірнеше қайта енгізеді. Дифтерияға, сіреспеге, газды гангренаға, ботулизмге, тырысқаққа, стафилококкты инфекцияларға қарсы анатоксиндер қолданады.
Анатоксиндер
Вакциналарды енгізу тәсілдері - Вакциналардың көбісін тері астына егеді, ал сорбцияланған препараттар бұлшық етке егіледі. Вакцинаны жаурынның астына немесе иықтың жоғарғы және орташа бөліктерінің сыртқы жағына егеді.
- Жаурын астына, тері іші тәсілімен вакцинаны екеннен кейін реакциялар аз кездеседі.
- Вакциналарды бұлшық етке енгізу (санның жоғарғы сыртқы бұлшық етінің квадрантына, жамбастың алдынғы сыртқы жағына).
Вакцинадан кейінгі реакциялар
жалпы
жергілікті
Жалпы реакциялар - бұл температураның көтерілуі. Температураның көтерілуіне байланысты реакциялар бөлінеді: төмен (37-37,50С), орташа (37,6-38,50С), және жоғары (38,50С жоғары).
Егуден кейін жергілікті реакциялар инфильтраттың диаметріне байланысты жіктелінеді: реакция төмен (2,5 см), реакцияның орташа күші (5 см), реакция жоғары (5 см жоғары немесе лимфангоит, лимфаденитпен болуы).
Химиялық вакциналарды еккеннен кейін аллергиялық реакциялар пайда болады. Олар вакциналар еккен аумақта гиперемия және ісінумен сипатталады, жалпы реакциялар қызбамен, артериальді қысымның төмендеуімен, бөртпелердің пайда болуымен, артралгия және т.б. сипатталады.
Пайда болу мерзіміне байланысты аллергиялық реакциялар бөлінеді: тез арада пайда болуы (1 сағат ішінде), кешігіп пайда болу (24-48 сағаттан кейін) және аралас.
Достарыңызбен бөлісу: |