туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан
Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен
отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа
тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін
бекітті.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру
әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын
тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін
сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады.
Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл
міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық
ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық
жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын,
Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті
құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала
Достарыңызбен бөлісу: |