8. Педагогикалық пікірталас: Педагогикалық мәдениеттікөтерудің, ең қызықты формасы. Пікірталастың маңызды ерекшелігі, қойылған мәселені талқылауға барлығының қатысуына мүмкіндік береді. Пікірталастың табыстылығы оның әзірлік деңгейіне байланысты. Сондықтан тақырып, әдебиеттер бір ай бұрын берілуі керек. Пікірталастың маңызды бөлігі – талқы. Пікірталастың негізгі принципі, кез келген пікірталасқа қатысушының көзқарасын сыйлау. Пікірталас тақырыбы мектеп, отбасы тәрбиесіне байланысты болады. Мысалы: «Мамандық таңдауға кім жауапты?», «Жеке мектеп болуы дұрыс па?», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |