Газдардағы диффузия
Бірнеше компоненттерден, яғни молекулалардың бірнеше сортынан тұратын газ қоспасын қарастырамыз. І-ші компонентінің бірлік көлеміндегі молекулалар санын ni деп белгілейміз. Бірлік көлемдегі молекулалардың толық саны мынадай болады:
(8)
Қоспадағы і-ші компоненттің салыстырмалы концентрациясы
(9)
Өлшеусіз шама деп аталады.
Қайсыбір компоненттің абсолют концентрациясы деп молекулалардың осы сортының бірлік көлемдегі массасын айтады. Осылайша анықталған концентрация осы компоненттің парциал тығыздығы болып табылады. Егер і-ші компоненттің молекуласының массасы mi болса, онда абсолют концентрация мына шамаға тең:
(10)
Газ қоспасының қысымы жеке компоненттердің парциал қысымдарының қосындысына тең болып, бірлік көлемдегі молекулалардың толық саны арқылы анықталады:
(11)
Газ компоненттерінің концентрациясы кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде бірдей болмауы мүмкін. Бұл жағдайда молекулалық жылулық қозғалысынан концентрацияның азаю бағытында і-ші компоненттің массаларын тасымалдау түрінде жүретін концентрациялардың теңесуі басталады. Бұл процес диффузия деп аталады.
Тәжірибеде көрсетілген шама
(12)
Мұндағы D – диффузия коэффициенті деп аталатын пропорционалдық коэффициент, - S ауданды ойша орналастырған қимадағы абсолют концентрацияның градиенті.
Диффузия коэффициентінің газ- кинетикалық өрнегі мынаған тең:
(13)
D өлшемділігі м2/сек-қа тең.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Квасников И.А. Термодинамика и статистическая физика (теория равновесных систем).-М.:Изд.МГУ,1991.
2. Ландау Л.Д., Лившиц Е.М. Статистическая физика.- Ч.1.- М., 1976.
3. Леонтович М.А. Введение в термодинамику. Статистическая физика.- М., 1983.
4. Климантович Ю.Л. Статистическая физика.- М., 1982.
5. Фейнман Р. Статистическая механика.- М., 1975.
Достарыңызбен бөлісу: |