Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
Топырақ түзуші факторларға ол: климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, топырақ түзуші аналық жынысты, жер бедерін және аймақтың геологиялық жасын жатқызды. Бұл факторлардың табиғаттың заңдылығына, яғни топырақ түзуші факторлардың үйлесімді сәйкестігіне байланысты өзгеретінін дәлелдеді.
Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Әр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі - қоректік элементтердің топырақтың жоғары тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Құрылық пен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралады, топырақтың түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.
Өз кезегінде топырақтану көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты.
География
Гидрология
Биология
Экономика
Химия
Топырақтың тағы бір функциясы - ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер көмір қышқыл газын сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді. Жапырақтары мен тамырлары СО2 көміртегі тотығын және судан келетін сутегін пайдаланып, атмосфераға еркін молекулалы оттегін О2 бөліп шығарады. Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық құбылыстар реттеледі.
Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірінің арақатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы - биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор. Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ - өзі тіршіліктің туындысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің де негізі. Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан кейін топырақтан өсімдіктермен қоректік элементтер алынады.
№
|
Атауы
|
Анықтамалары
|
Қосымша
|
1
|
Агрономия
|
Егіншілік туралы ғылым
|
Өсімдіктің өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасау
|
2
|
Агрофизика
|
Өсімдіктерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым
|
Негізін неміс агрономы Мартин Эвальд Вольни салды
|
3
|
Агрохимия
|
Өсімдіктердің қорегі, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды қолдануды және топырақ пен өсімдіктердегі химиялық және биохимиялық процестерді зерттейтін ғылым
|
Негізін салушы француз ғалымы Буссенго болды
|
4
|
Мелиорация
|
жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы
|
Топырақты эрозияға ұшыраудан сақтауға мүмкіндік береді.
|
5
|
Орман шаруашылығы
|
Ормандарды зерттеу, есепке алу, ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру, күту болып табылады.
|
Орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.
|
6
|
Аймақтық топырақтану
|
Топырақтың аймаққа байланысты таралу заңдылықтарын, орналасуын зерттейтін ғылым саласы
|
Топырақтың геологиялық жасын, климатын, орналасуын толығымен қарастырады
|
7
|
Инженерлік топырақтану
|
Топырақтың инженерлік геологиялық және гидрогеологиялық технологиялық мәселелерін шешу болып табылады
|
Табиғи және техникалық қамтамасыз ету
|
8
|
Экологиялық топырақтану
|
Топырақ экологиясының жақсаруын, олардың эрозияға ұшырауын, геологиялық негіздерін қарастырады
|
Топырақ экологиясы мен жер ресурстарына мән береді
|
9
|
Тазалық, ортаны қорғау
|
Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау
|
Қоршаған ортаны таза ұстау,а бағытталған іс-шара
|
10
|
Санитарлық топырақтану
|
Елді мекендерді тазартуға бағытталған іс шаралар
|
Санитарлық-гигиеналық бақылау
|
Достарыңызбен бөлісу: |