Сөж тақырыбы: «Түрлі жастағы балалардың даму ерекшеліктері» тақырыбында зерттеу жұмысын жазу, презентациялау Орындаған: Курбаналиева Л. Н. Тексерген: Арынова Г.Ғ. Алматы 2021



бет3/8
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#120436
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СРС-3 дидактика

Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі-ойлау, көркем өнер, т.б түрлері анықталады.
Сонымен бала тұлғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмән келтірмейді. Сондықтан ата-аналар және тәрбишілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссыз дыбыстарды (мысалы, р, ш т.б) дұрыс айтуын мұқият қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, құбылыстарға, сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әр түрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн.
Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:
Тіл: Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді.
Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздер соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екенін түсінеді. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады ( егер бала балабақшаға барып жүрген болса). Алты жасар бала түсінікті тілмен-контексті тілмен, қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттан бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.
Сенсорлық даму.

Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп ( үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар — бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттері мен сапаларының үлгісі).
Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықты басым болғанмен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.
Зейін. Тікелей қызығушылықпен байланысты ( ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі де балса нашар дамыған.
Айналаны зерттеуге бағытталған баланың танымдық белсенділігі, оның зейінін зерттеу обьектілеріне қызығушылығы жоғалғанша аударады. Егер алты жасар бала өзіне маңызды ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2 тіпті 3 сағат ойнай береді. Осылайша ол ұзақ бар ықыласын аударып өнімді іс әрекетпен айналыса алады.
Алайда бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылықтың салдары. Егер оған ұнамайтын іс-әрекетте ықыласты болу керек болса, ол қажып, алаңдап, тіпті өзін өте бақытсыз сезінеді.
Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Дегенмен де, бұл жастағы балалар өз тәртіптерін еркін реттей алса да, ырықсыз зейін басым болады.
Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізу және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет