Сөйлейтін үнсіздік немесе үнсіздік үНІ


Формасы: жеке жұмыс. Мамандыққа қарай бөлуге болады. Тапсырма 1



бет2/3
Дата19.03.2022
өлшемі27,84 Kb.
#136374
1   2   3
Байланысты:
матем 5-6 апта

Формасы: жеке жұмыс. Мамандыққа қарай бөлуге болады.
Тапсырма 1.: қазақтың халық ауыз әдебиетінің кез келген түрінен (мақал-мәтел, нақыл сөз, хисса, дастан, жыр, т.б.) үнсіздік немесе аз сөйлеу туралы 5-тен кем емес мысал келтіріңіз және оны өз түсінігіңізбен, тұрмыстық мысалдармен бекітіңіз.
Тапсырма 2.: философ әрі музыкант Мирио Косоттинидің «Үнсіздікпен ойнау. Үнсіздік философиясына кіріспе» атты кітабындағы ұсынылатын ойынға негізделеді. Төменде берілген үнсіздік түрлеріне аргумент келтіріңіз. Басқа да үнсіздік түрлерін қосуға болады:

  • Қорқыныш туғызатын үнсіздік;

  • Әлемде жасырынған үнсіздік;

  • Адам денесінде жасырылған үнсіздік;

  • Таусылмаса екен дейтін ұзақ үнсіздік;

  • Жан қалайтын үнсіздік;

  • Тыңдауға болатын үнсіздік.

Тапсырма 3.: Мүһсен Мәхмәлбафтың «Үнсіздік»киносын көріңіз және одан алған әсеріңізді 100 сөзден кем емес етіп сипаттаңыз. Фильмді топ болып көріп, кино аяқталған сәттегі эмоцияны пайдаланып сол жерде талқылау өз тиімділігін көрсетеді.
Тапсырма 4.: жоғарыда келтірілген Олдос Хакслидің үш үнсіздігіне өз басыңыздан өткен ситуациялардан мысал келтіріңіз.
Тапсырма 5.: Топтағы барлық студенттер бір уақытта көздерін жұмып 5 минуттай аудиториядағы үнге құлақ түру керек. Кім не естіді? Көзді аша сала алдын-ала дайындап қойған ақ параққа 6-шы минуттан бастап 10-шы минутқа дейін әркім өз естігенін жазуы тиіс. Келесі 10 минут талқылау. Бұл жаттығу арқылы сезімдеріңіз жаңаша жұмыс істейді, демек миыңыз да қуат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет