Сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейді



бет2/2
Дата02.02.2023
өлшемі23,38 Kb.
#167207
1   2
Байланысты:
тұрлаусыз мүше

Тұрлаусыз мүшелердің зерттелуі
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері түрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, максаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ак түр- түс, сын-сапа жағынан толыктырады. Оларға қосымша мән беріп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып түрады. Олар, әдетте, тұрлаулы мүшелерге багынады. Кейде бір-біріне де бағынуы мүмкін. Толыктауыш пен пысыктауыш үнемі баяндауышка тәуелді болса,ал анықтауыш көбінесе бастауышқа бағына байланысады.

Жалпы тюркологиялык жэне қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелерінің әркайсысы арнайы зерттеу обьектісі ретінде қаралып келді. Көп жағдайларда тұрлаулы мүшелерге назар көбірек аударылды.

Түркі тілдерінде біркатар ғалымдар тұрлаусыз мүшелерді нысанға алып, өз еңбектерінде карастырып отырды. Белгілі галым М.А.Казам-Бек өз еңбегінде: “Все слова выражающая второстепенные идеи, в каждом языке разделяются на три главная отделения: определительный, качественная и обстоятельственная”,- деп тұрлаусыз мүшелерді бөледі. В.И.Вербицскийдің редакторлығымен жарык көрген “Грамматика Алтайского языка” еңбегінде тұрлаусыз мүшелерді аныктауыш және толыктауыш деп жіктейді. Сондай-ақ көрнекті тюрколог ғалымдар Н.К.Баскаков, И.Я.Батманов, В.Н.Богородицский,

П.Дыренкова, А.П.Поцелуевский, Г.Д.Санжеев жэне тагы баскалары

толықтауыш пен анықтауышқа гана көңіл бөледі де, пысықтауышты мүлде елеусіз қалдырады. Ғалым И.Я.Батманов “Краткое введение в изучение языка” деген еңбегінде пысықтауышты толықтауыш аясында бёрсе,

В.А.Богородицский пысыктауышты анықтауыштың ішінара түрлері етіп көрсетеді . М.З.Закиев те сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөліп, тұрлаусыз мүшелерді конкретизирующий член, пояснительный член жэне модальный член деп үшке бөледі.


Сөйлем мүшелеріне байланысты, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне катысты казак тіл біліміндегі алғашкы толық, жан-жакты деректерді А.Байтұрсынов еңбектерінен аламыз. ¥лы ғалым тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, эр мүшенің грамматикалық белгілері мен орналасу тәртібі, кай сөз таптарынан болатындығын XX ғасырдың басында-ақ сипаттап кеткен. Қазак тіл білімінде шоқтыгы биік тұратын А.Байтұрсыновтын мейілінше ықшамды, сондай-ак ұғымға да, тілге де жеңіл бұл тұжырымдары ешбір өзгеріссіз күні бүгінге дейін синтаксис жайында жазылған барлык еңбектерде колданылып келеді (14,282). Профессор Қ.Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, оларға Айқындауыш деген жалпы атау береді. “Қазак тілі жөніндегі зерттеулер” атты еңбегінде: “Сөйтіп, жаңа грамматикаларда анықтауыш, толықтауыш делінген категориялар магынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу амалына, екінші сөзбен айтканда, сыртқы белгісіне қарай ғана жіктелгеннен туған топтар”,- дей отырып (31,211), тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп атайды. Айқындауышты жалғаулы толыктауыш, жалғаусыз аныктауыш деп екіге бөледі. Ал пысыктауышты ескермейді. Олардың бүлайша жіктелуін төменде былай түсіндіреді: “Біз мағынасына қарай айкындауыш деп бір бөліп алып, онан кейін, сол айкындауышты формасына карай тағы да, тарау-тарауға айырып отырмыз. Формасына карай алынған тарау-тараудың эрқайсысын оның ар жағында мағынасына карай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің топтарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайык түрде сатылы топтастыру болып отыр” (31,205). Бұл жерде Қ.Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтауда тұлғалык принципті басшылыққа алады.

Отызыншы жылдары С.Аманжоловтың сөйлем мүшелеріне байланысты мақалалары мен “Қазак тілі ғылыми синтаксисінің кыскаша курсы” деген еңбегі жарыкка шықты. Бұл еңбектерде автор сөйлем мүшелерінің тек жасалу жагына ғана емес, олардың калыптасу мәселелеріне де біршама назар аударды. Тұрлаусыз мүшелерді аньщтауыш деп атайды. Бір ғана аныктауыш мүшелердің аясына оның түрлері деп толыктауыштың да, пысыктауыштың да жекелеме түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, пысыктауыш деген терминдерді колданбайды. Кейіннен 1939 жылғы жэне одан кейінгі шыккан еңбектерінде де тұрлаусыз мүшелерді Ахмет Байтұрсынов ұсынган мүшелермен жалгастыргандығын көруге болады ( 14 ,80).



Сөйлем мүшелерінің кейбір түрлеріне катысты С.Жиенбаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев сынды ғалымдарымыз 30-40 жылдары аралығында бірталай еңбектер қалдырды. Олар бұл зерттеулерінде сөйлем мүшелерінің теориялық мэселелерімен қатар, эдістемелік жағына да назар аударды. Солардың ішінде Ш.Сарыбаев “Халық мұғалімі” журналында жарык көрген “пысыктауыш пен пысықтауыш мэселесіне” деген макаласында: “Біздің кейбір грамматикалык терминдеріміз мағыналық жағынан олқы болғанмен, сол грамматикалық категорияның аз да болса форма жағын білдіреді. Сонда біз талассыз толыктауыш болып жүрген жэне талассыз пысыктауыш болып жүрген мүшелерді өз атымен атаймыз да, ал біресе толыктауыш, біресе пысықтауыш делініп таласқа түсіп жүрген мүшелерді сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрган септік жалғауларының атымен барыстык мүше, шыгыстық мүше, көмектес мүше дейтін боламыз”,- дейді. Ш.Сарыбаевтың сөйлем мүшелерін бұлай топтау туралы ұсынысына кезінде біркатар галымдар Карсы шықкан болатын. Шынымен де автордың ұсынған терминдері колайсыз әрі шұбалаңқы жэне мағынаны нак, дәл бере алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет