Семантикалық карта
Хабарлы сөйлемді тауып жаз
Сөйлемдер
|
Дұрыс жауабы
|
Сөйлем атаулары
|
Ажар кітапханаға барды
|
|
сұраулы сөйлем
|
Үйді кім салады
|
|
хабарлы сөйлем
|
Ура,ертең концертке барамыз
|
|
лепті сөйлем
|
Сыныпта өнерлі оқушылар көп
|
|
лепті сөйлем
|
Бүгін қар қалың жауды
|
|
сұраулы сөйлем
|
«Хабарлы сөйлем» атты ашық сабақ жоспары
«Қазақ тілі» пәні 2 «б» сынып
4.Топтастыру
5.Суреттермен жұмыс
1.Хабарлы сөйлемнің ерекшелігі
2.Жаңа сабақты көрініс арқылы ашу ІІІ.Эвристикалық деңгей
1.Өткен материалды еске түсіру 1.225-жаттығу.Өз бетіндік жұмыс.
ІІ.Алгоритмдік деңгей 2.226-жаттығу.Суреттерді топтастыру.
1.Жаңа сабақ туралы ереже шығару.
І.Оқушының деңгейі 2.223-жаттығу.Ребусты шешу.
1.222-жаттығу 3.224-жаттығу.Мәтінді түсініп оқу.
2.Сөйлем туралы ереже айту. Суретке қарап итбалықты сипаттау.
2.Мысалдар келтіру.
6.Семантикалық карта 8. Сабақты қорытындылау
7.Дәлелдеу жұмысы
ІҮ.Қорытындылау.
1.Сабақты қорытындылау.
Шығармашылық деңгей 2.Топтастыру.
1.228-жаттығу.Хабарлы сөйлем екенін дәлелдеу. 3.Бағалау.
2.Хабарлы сөйлемді сәйкестендіру. 4.Үйге тапсырма: а) 228-жаттығу.
ә) Ережені жаттау.
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы: 2 «б»
Күні: 9.12.2010
Сабақтың тақырыбы:Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1.Жаңа тақырыпты ашуарқылы оқушылардың хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі
жайындағы білімдерін қалыптастыру.
2.Оқушылардың тілін,шығармашылық қабілетін дамыту,әдемі,көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.Ой-өрістерін,өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3.Жақсы мінез-құлыққа,сөз мағынасын түсініп,байланыстырып сөйлеуге,сөздік қорларын
молайтуға жетелеу.Сөйлеу шеберлігін,мәдениетін қадағалай отырып,өз ана тілін құрметтеуге,
сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта пайдалану арқылы хабарлы сөйлем туралы
слайдтар, түрлі-түсті суреттер,ережелер,тірек схемалар,шаблондар,т.б.
Сабақтың типі: Жаңа материалдар түсіндіру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Үш өлшемді әдістемелік жүйе.
Пән аралық байланыс:бейнелеу өнері,өзін-өзі тану пәні,ана тілі,дүниетану,т.б.пәндер.
Сабақтың жүрісі:І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
б)Оқушылардың ұраны
Оқушының деңгейі
ІІ. Үй тапсырмасы:
223-жаттығу
Ребусты шешіп,шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.
Ережені еске түсіру:
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң не нүкте(.),не сұрау белгісі (?),
не леп белгісі (!) қойылады.
Алгоритмдік саты
Көрініс
Сыныпқа Айжамал хабар әкеледі.
Хабарландыру
11-ші желтоқсан күні сағат 5-те “Балдәурен” фестивалінің ән байқауы
өтеді.Қатынасуларыңыз сұралады.
Мектеп әкімшілігі
Оқушыларға ережені өз беттерімен шығарту.
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді
хабарлы сөйлем дейді.Хабарлы
сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады:
Оқушылар мұражайға барды.
224-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.Әр сөйлемде не туралы айтылған?
Итбалық балықпен қорек-тенеді. Ол өте жақсы жүзеді,
керемет сүңгиді.Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар.
Итбалықтың күшіктері де аппақ.Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.
Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
Эвристикалық саты
225-жаттығу
Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып
көшіріп жаз.Мәтінге ат қой.
Бұлбұл-кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды
Бұлбұл
Бұлбұл-кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
226-жаттығу
Сөздерді оқып,әйелдердің киімін білдіретін
сөздерді бір бөлек,ерлердің киімін бір бөлек
топтастыр.
Сәукеле,орамал,жейде,
жаулық,күпі,құлақшын,
ішік,қамзол,шәлі,шекпен.
Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
227-жаттығу
1-ші қатар: ОРАМАЛ
2-ші қатар: ҚҰЛАҚШЫН
3-ші қатар: ҚАМЗОЛ
Шығармашылық саты
228-жаттығу
Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
Менің досым Қырғызстанда
тұрады. Мен оған өз елім туралы
мақтанышпен жазамын.Ол
жазда Алматыға келмекші.
Досымды асыға күтіп жүрмін.
Хабарлы сөйлемді тауып жаз
Сөйлемдер
|
Дұрыс жауабы
|
Сөйлем атаулары
|
Ажар кітапханаға барды
|
|
Сұраулы сөйлем
|
Үйді кім салады
|
|
Хабарлы сөйлем
|
Алақай,ертең концертке барамыз
|
|
Хабарлы сөйлем
|
Сыныпта өнерлі оқушылар бар ма
|
|
Лепті сөйлем
|
Бүгін қар қалың жауды
|
|
Сұраулы сөйлем
|
Үйге:228-жаттығу
Жоспар бойынша әңгіме құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |