Сөйлеу процесі



Дата07.02.2022
өлшемі48,12 Kb.
#95857
Байланысты:
Акашева Мөлдір
СРС 15 сабак, Акашева Мөлдір есеп беру





СӨЙЛЕУ ПРОЦЕСІ-яғни бұл дегеніміз біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып олардың айналасындағы заттармен таныстырып атын атай білуге қасиеті мен сапасын түр-түсін және пішінін ажырата білуге үйретеміз.

Мысалы:

1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз.

Қарын Қала Дархан


Мұз Бұлақ Есек


Қысым Сүт Киім


2. Төмендегі әріптерден сөз құрап жаз, бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс.


1. асық 5. Мал


2. ұзақ 6. Мұз


3. бас 7. Бұлақ


4. бақ 8. лақ т.б.


Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.


Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады,ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Ойлау әрдайым белгілі бір мазмұнға ие. Оның мазмұнды компоненттері болып бейнелер, елестетулер, теориялық және эмпирикалық (тұрмыстық) ұғымдар, символдар, сызбалар және т.б. болып табылады. Бейнеде бір мезгілде негізгі перцетивті категориялардың (кеңістік, қозғалыс, форма және т.б.) қатысуымен болатын шындық біртұтастығы бейнеленеді.


Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т. б.) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады.




Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.


Зейінді дамытуға арналған жаттығулар.

Зейіннің ауысу қабілетін дамыту жаттығуларын балаға естіртіп бірнеше сөз тіркестері айтылады. Мысалы: ойынның шартындағы келісім бойынша үстел, төсек, қой, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, торғай, шанышқы, т.б. тәрбиешінің айтқан сөзін зер салып тыңдап отырады. Мысалы: жануарларды білдіретін болса, жануарлардың атын естіген сәтте алақанын шапалақтау керек. Бала қателесіп кетсе сөздерді қайталап анық айтсын. Ойынды екі рет қайталағанда уәде бойынша өсімдікті сипаттайтындай болуы керек.




Мектепке дейінгі балалардың қабылдау түрлерін дамытуда қолданылған психологиялық жаттығулар:


1.Қателескен мұғалім.


2. Тахитоскоп.


3. Барлаушы.


Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын дамыту үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады.


1 – жаттығу. «Қателескен мұғалім».


Жүргізуші немесе қатысушылардың бірі оқу кезінде әдейі әртүрлі қателер жібереді. Топ қателерді тауып, өз көзқарасын білдіре отырып қателерді түзетуі керек. Бұл үшін қысқаша мәтіндерді қолдануға болады.


2– жаттығу. «Тахитоскоп».


Топ шеңбер қурып отырады. Бір немесе екі қатысушы шеңбердің ортасына тұрады. Жарық өшіріліп, ортада тұрған ойынға қатысушылар әртүрлі қозғалыстар жасап орындарында тұрып қалады. Сигнал бойынша қысқа мерзімге жарық қосылады. Осы кезде отырғандар ортада тұрғандардың қимылын қарап алуы керек. Жарық өшірілгеннен кейін отырған топ ортада тұрғандардың қимылын қалпына келтірулері тиіс.


3– жаттығу. «Барлаушы».


Қатысушылардың бірін «барлаушы» етіп таңдайды. Жүргізуші: « Тұрып қалыңдар!» - деген кезде, бүкіл топ қозғалмай қалады. Әрқайсысы өзінің тұрысын, ал «барлаушы» барлығының қимылын қарап алуы тиіс. Барлығын дұрыстап қарап алып «барлаушы» көзін жұмады (немесе бөлмеден шығып кетеді). Осы уақытта ойыншылар өз киімдерінде, тұрыстарында өзгеріс енгізеді. Содан соң «барлаушы» көзін ашады, оған берілетін тапсырма – бүкіл өзгерістерді айтып беру.




Сонымен, жас шағы баланың дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының өзіне тән ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет