Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты



бет2/26
Дата08.12.2023
өлшемі98,68 Kb.
#195481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Задани по олимп 7 класс

Тілдің
қатысына қарай

Жуан

тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады

а, о, ұ, ы, у

Жіңішке

тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады

ә, ө, ү, і, е, и, (у), э













Жақтың қатысына қарай:

Ашық

жақтың кең ашылуы арқылы жасалады

а, ә, о, ө, е, э

Қысаң

жақтың тар ашылуы арқылы жасалады

ы, і, и, у, ү, ұ













Еріннің
қатысына қарай

Еріндік

еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады

о, ө, ұ, ү, у

Езулік

езудің кейін тартылуы арқылы жасалады

а, ә, е, ы, і, и, э

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, жалғастыр


Күз.

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазір күз мезгілі. Күн салқындады. Суық жел соқты. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,жерге түсті. Бақтарда түрлі жемістер мен көкөністер пісті. Біз бақшадан асқабақ, қызанақ, алма, алмұрт жинадық. Әпкем қырыққабат тұздады. Шешем алма мен алмұрттан тосап қайнатты. Біз күз мезгілін ерекше жақсы көреміз.


1. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
Қазан Жеміс
2. Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғаңыздар.
Сынып, адам, әже, ата
3.Берілген сөздерді тәуелдеңіздер.
Алма Алмұрт
2-сабақ
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС

    1. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.

    2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).

    3. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

1

Ұяң

үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

2

Үнді

салдырдан үні басым

й, л, м, н, ң, р, (у)

3

Қатаң

тек салдырдан тұрады

к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

4. Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар:

п – б

ф – в

к – г

қ – ғ

т – д

с – з

ш – ж

Себебі, бұл жұп болған дыбыстардың жасалу орны бір-біріне өте жақын. Мысалы, п, б дыбыстары екі еріннің қақтығысуы арқылы жасалады.
1.Берілген сөздерге антонимдік қатар табыңыздар.
Жылы,күн, жақсы, суық
2. Берілген сөздерді септеңіздер.
Қыркүйек жапырақ
3. Күз мезгілі туралы диалог құрастырыңыздар. (3-4 сұрақ)
Үй жұмысы:
Менің бөлмем.
Менің атым – Дамир. Менің пәтерім үш бөлмелі. Менің өз бөлмем бар. Бөлмем өте жарық, кең, әрі жылы. Бөлменің терезесі аулаға шығады. Бөлмемде жаңа диван, төбе жиһаз, үстел, ыңғайлы орындық бар. Үстелдің үстінде компьютер орнатылған. Терезенің жақтауында әдемі гүл өсіп тұр. Қабырғада менің суреттерім ілулі тұр.
Мен бөлмемді өзім жинаймын. Маған бөлмем өте ұнайды.
Мәтін бойынша сұрақтар құр;

1.Тақырып бойынша мақал-мәтелдер жаз.


« Отбасы»
2. Берілген тақырып бойынша 3-4 сөйлем құрастыр
« Менің бөлмем»
3.Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аудар
Светлая комната, мой адрес;
Мой друг, широкая улица;
4.Сөздердің антонимін тауып жазыңыз.


3-сабақ Жамбыл Жабаев


Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Арғы аталары дәулетті болғанымен, Жамбылдың әкесі Жапа шаруа кісі болған. Кей тарихи деректе жыр алыбының әкесі туралы шоқпыт шапанды кедей болған деген сипаттама кездеседі.
"Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкен кезде бесінмен ала жүрді", дейді ақынның өзі балалық шағы жайлы. Соған қарағанда ақын бала күнінде қоңырқай тірлік кешкен.
Жамбылдың туған нағашысы Жетісу өңіріне танымал әнші болған.
"Жетісудың даңқы асқан биі Бөлтірік Алатаудың баурайындағы ағайынды аралап келген екен. Сонда үлкен сөз өнері ортаға түсіп жатқанда даладан бір бала жүгіріп келген екен. Бірден барып Бөлтіріктің қолын алыпты. Сонда Бөлтірік баланың қолын ұстап тұрып, "атың кім, балам?" депті. "Атым - Жамбыл" деп жауап берген екен. "Атың Жамбыл болса, көкірегің даңғыл болар. Шырғалаңнан сөз келсе, шырқаушының өзі болар екенсің" деген екен", - дейді қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.
қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ХХ ғасырдың Гомері, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады.


Жамбыл Жабаевтың туған жылы, жері


Жамбыл Жабаев кім?


Жамбыл Жабаев өмір жолдары


Жамбыл Жабаев шығармалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет