Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты


-сабақ ҚОЛДАНУ АЯСЫ ШЕКТЕУЛІ СӨЗДЕР



бет23/26
Дата08.12.2023
өлшемі98,68 Kb.
#195481
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Задани по олимп 7 класс

12-сабақ
ҚОЛДАНУ АЯСЫ ШЕКТЕУЛІ СӨЗДЕР
КӨНЕРГЕН СӨЗ
Көнерген сөз – қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз. Оның екі түрі бар: архаизм және историзм.



  1. Архаизм – әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз.

    Ескі атауы
    (архаизм)

    Қазіргі атауы
    (неологизм)

    аэрофлот
    адрес
    рыноктық
    таможня
    станция

    әуежай
    мекен-жай
    нарықтық
    кеден
    бекет

  2. Историзм – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз. Мысалы: уез, барымта, ханзада, нөкер, батырақ, қауыл керуен, жүз басы, би, болыс т.б.

үйрету
Мәтінді қатесіз көшіріп жаз. Өзіңнің сүйікті жыл мезгілі туралы жаз.
Алғашқы қар
1. Сыртқа қар жауапты. Алғашқы қар. Айналаның бәрі аппақ. Түнде жатарда күн ашық секілді еді, енді аспанды боз тұман бүркеп, түнере қалған. Олар мектепке жеткенше, тұман да көтеріліп, күн көзі көрінді. Ауа райының осынша құбылмалылығына қайран қалды ол. Ал табиғат көрінісі бүгін де сұлу- ақ еді. Үйдің төбелері сәнді ақ қалпақ киіп, терезелерге әшекейлі өрнектер тұрған. Күн сәулесімен қар беті жалтылдап, көзді ұялтады.


Үй жұмысы: Байлық пен ақыл
Қарияның төрт ұлы болыпты. Ұлдарын жинап алып:
– Балаларым, мен қартайдым. Сендер ержеттіңдер. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол менің мұрагерім болады, – депті. Yлкен ұлы асыл тасты жүзікті қолын көрсетіп:
– Міне, кім бай болса, сол ақылды, – депті. Eкінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де:
– Мені кӛргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, – дейді. Yшінші ұлы күміспен, алтын тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
– Мұндай белдік ешкімде жоқ, – дейді. Әкесі басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:
– Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді. Cонда кенжесі былай депті:
– Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар. Қария кенже ұлының жауабына риза болыпты. Оны өзінің мұрагері етіп қалдырыпты. Ал үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет