Сөйлеу тілінің дамуы


Сөйлеу тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы



бет13/13
Дата07.02.2022
өлшемі61,98 Kb.
#91540
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Сөйлеу тілінің дамуы

1.3. Сөйлеу тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы.
Балалар әдебиетінің қалыптасып, даму тарихын терең зерттеп, іргелі еңбектер жазған белгілі академик-жазушы М.Әуезов, зерттеуші-ғалымдар М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов т.б. атауға болады.
Академик-жазушы М.Әуезов ауыз әдбиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін зерттеу отырып, халық санасындағы Отаншылдық езімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті – оптимизмді «… әдет-ғұрпын, халықтың коллектившілдік тәрбиесінің жемісін көреміз», — деген болатын. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетін жасаған – халық. Сондықтан да, ел ертеңі, келешегі, ұлттық ұрпақтың болашағы, — деп халықтың бала тәрбиесіне баса назар аударғанын көреміз.
Халқымыз балаға деген ыстық сүйінісін, жұмсақ лебізін, жылы жүрегін, тәтті қиялын өлең-жырмен жеткізген. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, мақсат-тілектер өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Ал, халық ауыз әдебиетін жастайынан естіп өскен бала, өсе келе оны сүйіп оқып, қызыға тыңдайтын болған. Балалар әдебиеті бала тәрбиелеудегі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Ауыз әдебиеті балалардың даму ерекшелігімен, психологиясымен анасудан туған. Олай болса, халық ауыз әдебиеті – халық педагогикасының тынық мұхиты.
Ұлт әдебиетінде халық мұрасы ерекше орын алады. Белгілі ұстаз-ғалым М.Ғабдуллин мақал-мәтел жөнінде: «қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал соларға берілген даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал, мәтедерде бұл секілді мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдерде көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той», «Тілге тиек жасап» т.б. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады.
Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, р түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Бұл мәтелді өзіне тән ерешелігінің бірі болып табылады», — деген. Зерттеуші-ғалым халық мақалдарының тақырыптарын былайша топтастырады: еңбек ету жайларына арналған, мал бағу, мал басын өсіру, егіншілік-кәсіп жайында, ынтымақ-бірлік жайында, ерлік, батырлық, қоғамдық қарым-қатынас, әлеуметтік-таптық мәселелер, оқу-білім, тазалық тәрбие, мінез-құлық, әдт-ғұрып жайлары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет