«Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» кмм



бет3/11
Дата06.02.2022
өлшемі10,09 Mb.
#81421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Акпаев Нурсултан математика
Презентация "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"
Шығармашылық есеп


Сабақ беру – үйреншікті жай
ғана шеберлік емес, ол үнемі
жаңадан жаңаны табатын өнер.
Ж. Аймауытов

Мен, Акпаев Нурсултан Еркасимович, Ақсу негізгі мектебінде 2012 жылдан бастап еңбек етіп келемін.Кәсіби мамандығым- математика пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілім 8 жыл. Екінші санатты.


Ізденіс тақырыбым: «Оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру».
Мақсатым: Математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны пәнге қызығушылығын оятып, тапқырлығын, шапшаңдығын, шығармашылығын шыңдау.
XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі-білімді, бәсекеге қабілетті, функционалдық сауатты, алған білімін шынайы өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу, яғни математиканы оқыту үрдісінде оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың өз ойын дұрыс, жүйелі түрде жеткізуге үйретеді. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе , жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл тәжірибеде жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік "Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.
Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарының негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпал тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтидыОқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдері оқу бағдарламасының басты мақсаты деп білемін. Сабақты дәстүрлі түрде емес, «сұхбаттасу», «миға шабуыл» логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асыру мен ойын, сайыс, тренингтер арқылы қызықты да мазмұнды өткізуге тырысамын (, «Бинго», «Математикалық лото», «Ойлаудың 6 қалпағы», «Домино» , «Постер құру»т.б.) Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге, уақытқа бағыну. Математикалық апталықтарда сайыстарды түрлендіріп ( «Озық ойлы оқушы», «Білім пирамидасы», «Миллион кімге бұйырады ?», «ХХІ ғасыр майталманы», «Тапқырлар мен көңілділер» т.б.), қосымша мәліметтерді көп беруге тырысамын. (2 слайд)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет