«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ 2018 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі қызмет туралы есеп
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ мына мекенжай бойынша орналасқан: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишм ауылы, Ленина 2 көшесі. Жұмыс істеу уақыты: 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1189 қаулысына енгізілген өзгерiстер мен толықтырулар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, 2017 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ 18 мемлекеттік қызметтер көрсетілген болатын:
-протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу;
-мүгедектерді сурдо-тифло-техникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
-жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызмет көрсетуі және есту қабілеті нашар мүгедектерге кәсіби ыммен аудармашылардың қызметтерімен қамтамасыз ету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу;
-мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды кресло-арбалармен қамтамасыз ету;
- мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
- үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
-жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу;
- мемлекеттік атаулы көмекті тағайындау;
- жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау;
- ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын, әлеуметтік саладаға мамандарға отын алуға әлеуметтік көмек тағайындау;
- Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге бір жолға мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру және азаматтарды тіркеу;
- мүгедек-балаларға арналған үйде оқыту шығындарды өтеу;
- атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру;
- жұмыспен қамтудың белсенді нысанына қатысу үшін тұлғаларға жолдама беру;
- жұмыссыздар ретіндегі жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу;
- тұрғын-үй көмегін тағайындау;
- жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру
Бөліммен жыл ішінде 4004 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді. Мемлекеттік органдар арқылы – 3824 қызметтер, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» НҚА филиалы - «ХҚКО» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Департаментінің бөлімі арқылы - 165 қызметтер және «электронды үкімет» веб-порталында электронды түрде - 15 қызметтер көрсетілген.
Ең қажетті мемлекеттік қызметтер:
- жұмыспен қамтудың белсенді нысанына қатысу үшін тұлғаларға жолдама беру – 1610 қызмет көрсетілді;
- жұмыс іздеуші тқлғаларды тіркеу – 1366 қызмет.
Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша және халықты хабардар ету мақсатында көрнекі ақпарат (стандарттар, ережелер, қызмет, үлгісі, арыз, шағым журналы тізімін) стенді орналасқан. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат бөлімнің ресми сайтында қол жетімді ozsp-gm.sko.gov.kz.
ХҚО ААЖ арқылы және электронды түрде қызмет көрсету бойынша, «ҰАТ» АҚ мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бөлімнің жауапты мамандармен тоқсан сайын оқыту семинарларын өткізеді.
Барлық қызметтер ҚР «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 стандарттар мен регламенттер бекітілген Заңына сәйкес көрсетілуде.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне тұрақты түрде бақылау жүргізеді. Ай сайын аудан әкімі аппаратына "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жергілікті атқарушы органның ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есебі» ұсынылады.
2018 жылдың маусым айында аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жоспарлы тексеру жүргізілген болатын, нәтижесінде ешқандай тәртіп бұзушылық табылған жоқ.
2018 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар келіп түскен жоқ, мерзім бұзушылық жіберілген жоқ.
Қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне қанағаттануда тиімділігін және сапасына арттыру үшін бөлімнің мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, қызмет алушыларға көрсетілетін семинарлар, кездесулер, халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі, жергілікті мемлекеттік қызметтер бөлігін БАҚ ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Бөлім басшысы Б. Әмрина
Достарыңызбен бөлісу: |