Солтүстік Қазақстандағы өсімдік шаруашылығының экономикалық дамуы
Дайындаған: Қамбарбек А., Жолдасбек А.,Анафияева Г.
ТОП: БК1/2
Пәні:Ауылшаруашылықтың биологиялық негіздері
Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті
Жоспары:
Солтүстік Қазақстан облысына сипаттама.
Топырағы
Солтүстік Қазақстан облысының өсімдік шаруашылығы
Жаздық бидай
Солтүстік Қазақстан облысы
Облыс аумағы Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан, негізінен рельефі жазықты және кәдімгі қара топырақты өңір, ылғалдану және жылумен қамтамасыз етілу жағдайлары бойынша облыста екі аймақ ажыратылған: орманды дала солтүстік және оңтүстік орманды дала және орташа құрғақшылықты далалы аймақ. Облыс климаты континенталды, қысы суық, қар қабаты орта есеппен 5 айға дейін жатады, күшті желді, жазы ыстық. Орташа жылдық жауын-шашын 317 ден (Петропавл маңы) 340 мм-ге дейін (Булаев маңы) және барынша көп мөлшері салыстырмалы түрде біркелкі түсе отырып жазғы кезеңге сәйкес келеді. Алайда облыстың оңтүстік аудандарында 300 мм-ден кем ылғал түседі де құрғақшылыққа ұрындырады. Тұрақты қар қабаты қараша айының бірінші жартысында қалыптасады және орташа қалыңдығы 20-30 см-ден аспайды, ауа бозқырауы 15-25 мамырда аяқталады, алайда маусым айында да қайталануы ықтимал. Аязсыз кезең ұзақтығы – 110-130 тәулік.