Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка. Африканың аймақтары


Тақырыбы: Евразия материгіне жалпы шолу



бет5/13
Дата14.09.2022
өлшемі265 Kb.
#149502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
материктер мен мұхиттар

Тақырыбы: Евразия материгіне жалпы шолу.
1. Евразия материгінің географиялық орнына сипаттама.
2. Геологиялық құрылымы.
3. Пайдалы қазбалары.
4. Климаты.
Евразия материгі дүние жүзіндегі ең ірі материк болып табылады, яғни оның жер көлемі (54 млн.), дүние жүзіндегі құрлықтың 37% -ін алып жатыр. Оның жағалауын төрт мұхит шайып жатыр. Материктің шеткі нұктелеріне келетңн болсақ солтүстігінде Челюскин (77°43´с.е.), оңтүстігінде (1°16´с.е) , батысында (9°31´б.б), шығысында (169°40´б.б).
Материк солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мығ километрге, ал батыстан шығысқа қарай 16 километрге созылып жатыр. Мұхитара мен теңіздер материкке сұғына еніп жатыр, сондықтан оның жағалауы өте қатты тілімденген, әсіресе оңтүстігі мен шығысы өте қатты тілімденген. Евразия материгінің зор көлімділігі соншалық оның ішкі аудандары мұхиттармен теңіздерден мыңдаған километр алыс жатыр. Шығысқы қарай материк кеңейе түседі.
Евразияның зор мөлшері, оның күрделі құрылымы мен жер бедерң, поляр маңы жіне экватор маңы ендіктер арасындағы орны, мұхиттардың әр түрлі дәрежедегі әсер етуі табиғаттың зоналық ерекшеліктерінің алуан түрлілігін және географиялық қабықтың зоналық құрылымы көрінісінің едәуір айырмашаылығын түзеді. Жер шарындағы ең биік шың, ең терең депрессия осы материкте орналасқан.
2. Евразия материгінің күрделі қалыптасу тарихы және оның табиғатының барлық компоненттеріне әсерін тигізеді. Геологиялық жағына қарайтын болсақ, материктің континеттік бөлігінде кембрийге дейінгі бірқатар платформалардың барлығын көрсетеді.. Евразияның ежелгі ядросына палезойдың ортасында пайда болған Шығыс Европа платформасы жатады.. Осы платформаның батыс жартысында қалқан антиклизаларды, барлығын байқатады. Мысалы; Балтық және Украйн қалқаны және синеклизалар Беларус және Воронеж.
Материктің азиялық бөлігінде бірнеше платформалар бар: Сібір,Қытай, Аравия және Үндістан. Бұл азиялық платформалар қозғалмалы ежелгі платформаларға жатады. Олар үшін теңіз деңгейінен биіктігі сипатты болып табылады. Евразияның негізгі геоқұрылымдыық элементтеріне геосинклиналдық белдеулер жатады.Атланттық геосинклиналдық белдеу құрамына Скандинавия таулары таулары және Ұлы британың солтүстігі кіреді.
Оңтүстік Евразияның геосинклиналдық бүкіл материк бойымен өтеді, Атлант мұхит жағалауынан Үнді-Қытай түбегіне дейін созылып жатыр. Бұл геосинклиналдық белдеу екі этапттан тұрады; 1-ші этап жоғарғы палеозойда жатыр және көлемді герцин қатпарлығының дамуымен байланысты олып келеді. Олар негізінен Британ аралдарының оңтүстігінде, Пиреней таулары, Францияда, Орта европа аласа тауларында, Орал Тянь—Шаньда созылып жатыр. Ал 2-ші этап альпі қатпарлығының дамуымен байланысты болып отыр.Ең белсенді қозғалмалы белсенді қатпарлықтар Альпі –Гималай геосинклинальдық облысы деп табылады. Сонымен бұл жердегі тау түзілудің әлі бітпегендігі туралы осы жердегі жиі жер сілкіністері және вулкандарды байқауға болады.
3.Евразиядағы негізгі металдық белдеулер ежелгі геосинклинальдармен интрузиялармен және метаморфизмдерге (платформалық облыстарға) байланысты болып келеді. Каустобиолиттер( яғни тас көмір мұнай және т.б.) платформалар джәне синеклизаларға сәйкес болып келеді. Мұнай және жанатын газдардың миграциялық табиғаты олардың әртүрлі қатпарларда жиналуын көрсетеді. Бірақ қазіргі геосинклиналдық облыстар пайдалы қазбаларға оншща бай болып келмейді (Жапон аралдары).
Ежелгі платформалардың көтеріңкі жерлеріне металдық рудалардың кен орындары шоғырланған (темір, мыс, мырыш, кобальт және т.б.) Сібір платформасының кристалдық негізінде темір және мыс, никель және полиметалл рудалары шоғырланған.
Платформаның ойыс бөліктерінде шөгінде пайдалы қазбаларкеңінен тараған: мүнай және газ ( Солтүстік теңіз және Балтық маңы, Сібірдің солтүстік батысы, Солтүстік Шығыс Қытай және т.б.)
4. Евразия материгінің жер бедеріне жалпы сипаттама айтатын болсақ өте күрделі
ешқандай заңдылық сақталмаған. Мұнда жер бедерінің барлық формалары кездеседі,яғни ең биік таулар, орта, аласа және биік таулар , жазықтар ойпаттар және қазаншұңқырлар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет