Сонымен қатар Б



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі23,97 Kb.
#81231
  1   2   3   4
Байланысты:
СР 1 жазушы Бауыржан Мо


Казақ әскери әдебиетінің қалыптасу және даму үдерісіндегі жазушы Бауыржан Мо­ мышұлы шығармашылығының орны әдеби­танымдық талдау арқылы жан­жақты қарастырылған. Б. Момышұлының қазақ әскери прозасының көшбастаушысы, әскери әдебиеттің қазақ әдебиетінде өркен жаюына елеулі еңбек сіңірген шығармашылық тұлға екендігі жазушының басты көркем шы­ ғармаларының тақырып нақтылығы, жанрлық ерекшелігі, көркемдік құбылыстары идеялық­көр­ кемдік ерекшелігі арқылы айқындалған.
Негізінен шығармалары екінші дүниежүзілік соғыстан арқау ететін жазушы шығармаларында­ ғы соғыс және адам болмысы, тарихи тұлға және әдеби кейіпкер, соғыстағы адам психологиясына байлау, соғыстағы өмір шындығы және көркемдік шындық, өмір деректері және көркемдік шешім мәселелерін жеткізеді. Б. Момышұлының жазушылық шеберлігі негізінен оның «Москва үшін шай­ қас» романы көркемдік тұрғыдағы әдеби талғам, таным талаптары бойынша ашылған.
Сонымен қатар Б. Момышұлының соғыс тақырыбына арналған шығармаларындағы әдеби дәстүр және жаңашылдық мәселелері де назарға алынған. Б. Момышұлы шығармаларының әске­ ри әдебиетте өзіндік дәстүр қалыптастыруы нақты мысалдар арқылы көрсетілген. Жалпы алғанда, Б.Момышұлының жаңашылдық шеберлігінің көптеген қырлары ашылып, оның қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар аса көрнекті жазушы екендігі әскери тақырыптағы шығармалары арқылы дәлел­ денген.
Соғыс туралы жазған əрбір жазушы суреткерлік мүмкіндік биігінен өз қаһармандарының жан əлеміне үңілуге тырысады. Қазақ жазушыларынан соғыс тақырыбына кең құлашты қалам тербеген жазушының бірегейі Бауыржан Момышұлы екендігінде талас болмаса керекті. Оның шығармашылығына тəн басты ерекшелік – кейіпкерлерінің ішкі əлеміне бойлай ену, сол əлемдегі сан-қилы сезімдердің шарпысуын, солардың қайғы-қасіретін, қуаныштарын, жалпы адами болмысын көркем бейнелей білу. Шығарманың өрісін ашар өткір тартыс, қаһарман мінезінің қилы құбылысы қай кітабының болмасын алғашқы бетінен-ақ басталып, бірте-бірте өсіп, дамып отырады. «Жанр военного романа дает писателю большой простор для изображения человека в сложных обстоятельствах. Как ни в одном другом жанре, в нем выявляют ся многообразные сложные стороны людских взаимоотношений, раскрывается внутрений мир личности во всех противоречиях и изменениях в особых, экстремальных условиях» [1, 44], – деген А Васинкин пікірі осындай шығармалар туралы айтылса керек.
Бауыржан Момышұлының соғыс тақырыбындағы ең көлемді де көрнекті шығармасы – «Москва үшін шайқас» романы. Роман бірінші кітап, екінші кітап, үшінші кітап, төртінші кітап деген төрт бөлімнен құралған. Әр бөлім тарауларға жіктелген. Бірін-бірі қайталамайтын қысқа-қысқа жазылған əр тарау өз алдына бір оқиға болғандықтан, оқушысын жалықтырмай, өзіне қызықтырып отырады. Ықшам түйілген шығарманың композициялық құрлымы қызықты, қиыннан қиыстырар суреткер шеберлігін алға тартады. Романдағы оқиға дамуының логикалық байланысы берік сақталған.
«Москва үшін шайқастың» бірінші бөлімі, жау қоршауынан сытылып шыққан Бауыржан Момышұлы батальонның негізгі күшке қосылмаққа бара жатқан бағытынан басталады. Сол сəттегі батальонның көңіл-күйін ғалым Ж. Дəдебаев былайша көрсетеді: «Жау қоршауын бұзып шығып, өз тобына келіп қосылған ботольонның еңсесі биік, шаршап-шалдыққанына қарамастан, сергек, салтанатты шерумен келеді. Жауынгерлер мен командирлер бірін-бірі жете біліп, бірбіріне берік сеніп қарайды»[2, 106].
Соғыс туралы шығармада қаһармандық бейненің майдандағы тағдыры сұмдық əрі күйінішті жағдайында көрсетіле отырып, сол қиындықтарды мойымай жеңіп шығуға ұмтылған адам тағдыры алға шығады. Тағдыр мен адам арпалысында, соғыс пен адам тайталасында рухы биік қаһарман ақыры жеңіске жетеді. Бұл соғысты жеңу емес, өзін-өзі жеңу. Өз бойындағы адами қорқынышты, үрейді жеңу – соғыс жеңілісінің басты куəсі.
Өмірде адам көп нəрсені өзі таңдайтыны анық, бірақ майданда мүлдем басқаша болады. Онда əрбір жауынгер берген бұйырықты бұлжытпай орындауға тиіс. Баукеңнің өз сөзімен келтірсек: «Команда немесе бұйрық дегеніміз комондирдің ерік-жігерінің көрінісі, оның жасаған шешімінің қорытындысы »[3, 6]. Соғыста шабулдың сипаты мен мерзімін басқа адам, яғни командир анықтайды. Ұрыс кезінде оның қайда болу керектігі де алдын-ала жоспарланады. Ал солдат командир бұйрығын орындаушы. Бірақ ол жансыз, ақыл-ойсыз робот емес, ол – əрбір сəттегі қимыл əрекетті өз сезінуі арқылы жүзеге асыратын адам. Ендеше солдаттың өзіндік ішкі əлемі, рухани жан-дүниесі бар. Жазушы міндетті соны ашу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет