Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алған қазақ əдебиетінің жедел даму фазасына шығуында аударманың тарихи ролі орасан. Абай, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, Б. Өтетілеуов, М

Дата16.02.2020
өлшемі18,89 Kb.
#58165
Байланысты:
Проза

Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алған қазақ əдебиетінің жедел даму фазасына шығуында аударманың тарихи ролі орасан. Абай, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, Б. Өтетілеуов, М. Сералин жасаған аудармалар əлемдік көркемдік таным үрдісінің ұлттық əдебиет өтіп үлгермеген сатыларын жедел түрде меңгеруге, қоғамдық сананың жаңа формаларын тудыруға аса үлкен ықпал жасады. Соның нəтижесінде бірнеше жылдардың ішінде өзіндік жанрлық-эстетикалық талаптарға толық жауап бере алатын қазақтың ұлттық прозасы дүниеге келді.

Бұл тұста қазақ əдебиетіндегі жедел даму құбылысының фольклорлық негіздеріне тоқталып өтпеске болмайды. Ұлттық əдебиет адамзаттың тарихи-мəдени керуенімен қай жерде тоғысады, қай кезеңде кенже қалады, дамудың қай сатыларын жедел өткереді? деген сауалдарға жауап іздеу барысында халықтың поэтикалық-фольклорлық ойлау мəдениеті, ұзақ уақытқа созылған фольклорлық дəуірдің берері көп. Қазақ халқының жазба əдебиеті қалыптасқанға дейінгі кезеңінде қоғамның рухани өмірі, болмысты образдап игеру ерекшеліктері фольклорлық-поэтикалық формада көрініс тапты. Мұнда бір-бірінен ажыратылмаған күйінде халықтың философиялық, құқықтық ождандық, діни жəне эстетикалық т.б. көзқарастары тұтасып жүрді. Əдебиеттанушы үшін бұл күрделі үдерістер ішінен, яғни синкреттік шығармашылықтан нақты бір өнер саласы ретінде немесе қоғамдық сананың өзгеше формасы түрінде қабылданатын көркем əдебиетке өту қалай жүзеге асатынын бағамдау басты мақсат болып табылады. Өйткені əдебиеттің жедел дамуы құбылысында фольклор негізгі міндеттердің бірін атқарады. Г.Гачевше негіздесек, «əдебиеттің өтуге тиісті даму сатыларының қызметін фольклор атқарып, мəдениеттегі бос кеңістікті фольклор толтырады» [7]. Кезінде Ш. Уəлихановтың қазақ эпостарының образдары Еуропаның жазба əдебиетінен ешбір кем соқпайтынын айтуы да фольклордың əлемдік көркем ой дамуының жаңашылдықтарын бойына сіңіргіштік қасиетінің тағы бір куəсі болса керек [8].

Адамзат мəдениетінің антикалық дəуіріндегі мифтік таным мен мифологиялық дүниетанымына орай туған көркем дүниелерге ұқсас құбылыстар ежелгі қазақ мифтерінен аңғарылады. Алайда ерте уақыттағы қазақ мифтері ежелгі Греция, Рим, Египет, Үндістан, Қытайдағыдай тұтас жүйеге түсіп, көркемделген мифологияға айнала алған жоқ. «Оның басты себебі — Қазақстанда ертеде мекендеп, қазақты құраған ру-тайпалардың құл иеленуші мемлекет құрмай, рулық қауымнан бірден феодалдық қоғамға иек артуы. Жүйелі иерархиясы, тұрақталған орталығы бар көп жасаған құл иеленуші империяларда көне миф көркем мифологияға айналып, эстетикалық қызмет атқарған. Ал, рулықтан бірден феодализмге көшкен елдерде көпқұдайлы емес, бірқұдайлы дін орнап, көне миф жүйелену емес, қуғынға ұшырап, ыдырап кеткен, циклға түспеген, демек көркем дүниеге бірден айналмай, хикаяға, ертегіге ойысқан, жаңа жанр қалыптастырған. Феодалдық, бірқұдайлық қоғамда көркемдік- эстетикалық функцияны миф емес, фольклордың басқа жанрлары атқарған», — деп жазады С. Қасқабасов [9]. Біздің эпостық жырларымыздағы мифология элементтерінің грек мифологиясынан айырмашылығын ескермеуге болмайды. Ол заманда гректер түгелдей мифологиялық ойлаудың сатысында болды да, біздегі мифология элементтері аталық қоғамдық сананың жемісі — көбіне адам түрінде, антропология тұрғысында болып келді. Сонда да қазақ халқын құраған ру-тайпалардың табиғаттағы дүниенің барлығын бір деңгейден қараған мифологиялық дүниетанымы адамзат мəдениеті тарихының синкретті сатысымен үндестіктерге алып келді.

Қазақ прозасының қалыптасуын, оның аз уақыт ішінде əлемдік деңгейге көтеріліп үлгергенін де жедел дамудың нəтижесі деп танимыз. Іргелі елдердің рухани-мəдени тəжірибелерін сығымдалған түрде ұлттық өнерге сіңіру олардағы ірі-ірі əдеби бағыттардың, ағымдардың, əдістердің, стильдердің келуіне себеп болды. «Басқа əдебиеттер үшін өлеңдік поэзиядан қазіргі романға дейінгі қашықтық аса алшақ болса, Абайдың жолынан «Абай жолына» дейін қазақ əдебиеті бар жоғы жарты-ақ ғасырда жетті», — деп жазады Н.И.Конрад [10]. Сондықтан əдеби құбылыстарды тексергенде оларды дəстүр аясында жетілген ұлттық факт тұрғысынан жəне əлемдік көркемдік дамуға қатысы тұрғысынан да салмақтап отыру маңызды.

Əдебиеттер тізімі

Елеукенов Ш. От фольклора до роман-эпопеи (Идейно-эстетическое и жанровое своеобразие казахского романа). –Алма-Ата: Жазушы, 1987. — 352 с.

Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало ХХ века и современность). —Алматы: Ғылым, 1998. — С. 18.

Сейсекенова А.Б. Шəкəрім жəне Гете: поэзиядағы көркемдік таным үндестігі: филол. ғыл. канд. ... автореф. — Семей, 2004. — 34 б.

Ахметов К. Əдебиеттану əліппесі. — Алматы: ҚАЗақпарат, 2000. — 148, 149-б.

Əбдіғазиұлы Б. Шəкəрім шығармашылығының дəстүрлік жəне көркемдік негіздері. — Алматы: Кенже-Пресс, — 174-б.

Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. — Алматы: Ғылым, 1994. — 234-б.

Гачев Г.Д. Неминуемое. Ускоренное развитие литературы. — М.: Худож. лит, 1989. — С. 401,

Уəлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар

Уəлиханов Ш. Таңдамалы шығармалартипологиялық мəселелері

Қазақ əдебиетінде проза жанрының қалыптасып, дамуындағы ұлттық поэтикалық дəстүрдің ролін ешкім жоққа шығара алмайды. Көркем сөз қолданысында өлең сөз жүйесіне бірнеше ғасырлар бойы басымдық беріп келген əдебиетіміз проза жанрының қалыптасуына алғышарттар жасады. Сондай-ақ əдебиеттегі жаңа форманың жетілуіне сыртқы əсер, басқа елдердегі реалистік проза дəстүрінің де орнын ескеруіміз қажет. Сырттан келетін əдеби ықпалдарды сөз еткенде ХІХ ғасырдың аяғынан бастап ұлттық сөз өнеріндегі шығыстық дəстүр анағұрлым бəсең тартып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап əредік қана көзге шалынатын болды.

Қалай десек те, қазақ əдебиетіндегі проза, əсіресе оның эпикалық формалары еуропалық əдебиеттегі дəстүрлерге бағдар ұстанып, ондағы үлгілерді ұлттық көркемдік таным ерекшеліктеріне бағындыра, өз талғамына сай сіңіре алды. Сондықтан батыс елдердің əдебиеттерінде болған əдеби ортақтықтар, əр кезеңде жетекшілік еткен тенденциялар біздің əдебиетімізде сол қалпында қайталанбаса да, көріністері танылып отырады. Бұл елдер əдебиетіндегі əдеби бағыттар мен ағымдар, көркемдік əдістердің пайда болуына негіз болған жағдайдарға ұқсас көріністерді қазақ əдебиетінен де мол ұшыратамыз.

Қазақ əдебиетін зерттеушілер ұлттық проза жанрларының түп негіздерін халық ауыз əдебиетінің мұралары: лиро-эпикалық дастандардан, қиссалар мен аңыздардан, жыраулар шығармашылығының басты жанры — толғаулардан, шежірелерден т.б. іздейді. Мұндай əдістеме қазақ əдебиеттануында əбден орнығып, ол арқылы бірнеше ғылыми жетістіктерге қол жеткізе алдық. Халық мұраларының прозалық үлгілерін қарастырып, оның өзіндік көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін ашқан С. Қасқабасовтың «Қазақтың халық прозасы» (1984), қазақ романының жанрлық тамырларын зерттеуде ежелгі мифтер мен фольклордан бастап жазба əдебиетіне дейін көктей қарастыру жүйесін əкелген Ш.Елеукеновтің «От фольклора до романа-эпопеи» (1987) сияқты монографиялық еңбектері біршама көкейкесті мəселелерді шешіп, ең маңыздысы, бұл тараптағы болашақ ізденіс бағдарларын айқындап берді.

Б. Шалабаевтың  «Қазақ прозасының   тарихында»  (1968)   да ұлттық   проза   жанрларын фольклорлық мұралармен байланыстыруды кездестіреміз. Бірақ аталмыш еңбек прозалық жанрлар эволюциясының бастау көздерін халық шығармашылығы мен поэзияда екенін айтқанымен, жіті теориялық талдауларға бара бермеген. Прозаның халықтық үлгілері делінетін жанрларға үстірт сипаттама берумен шектеледі. Ал əдебиетіміздегі роман сынды жанрдың пайда болуын тек қана орыс əдебиетінің жемісі деп бағалауын қолдау қиын. Сондықтан да болар, ол еңбек өз кезінде біраз сынға ұшырады. Дей тұрғанымызбен, бұл еңбек тың ғылыми проблемаға жол салуымен, қазақ прозасының дəні фольклор мен ауыз əдебиетінде жатқандығын меңзеуімен, зерттеу материалы ретінде қыруар көркем шығармаларды қамтуы жағынан өз уақытының сұранысын біршама ақтай білді деп санаймыз. Ш. Елеукенов реалистік əдебиетте ауқымды артықшылыққа ие,финалдық жанр  деп қарастырылып келе жатқан романның ғылыми типологиясын жасауға, түрлік ерекшеліктерін айғақтауға ден қойды. Ол жанр мəселесін шешуде нақты бір дəуірдегі əдеби үдерістің негізгі ерекшеліктерін танытатын көркемдік құрылымдар типологиясының маңызына тоқталып өткен болатын. Қазақ романының өзіндік даму заңдылықтарына үңілген зерттеуші осы жанрдың шет елдік, көршілес елдердің ғалымдары негіздеген бірнеше концепцияларға талдаулар жасайды. Сондықтан да ол тұжырымдарды қайталаудың қажеттігі жоқ. Біз үшін маңыздысы — роман жанрының поэтикасындағы бүкіладамзаттық көркемдік даму заңдылықтары мен ұлттық топырақтағы эстетикалық факторлардың тоқайласу шектері. ХХ ғасыр басындағы адам санасы мен өмірдің күрделенген қайшылықтарына дендеу үшін қазақ əдебиетінің жанрлық репертуарында роман басымдыққа ие болғаны аян. Ш.Елеукенов «Неліктен роман? Неге өлең емес? Неге эпикалық поэма емес? Неге мысал емес?» деген сұрақ қоя отырып, «бүтін бір дəуірдің идеясын бойына сыйғыза алатын, ол дəуірдегі қаһармандық пен күнделікті өмір ағысын, комедиясы мен трагедиясын, саясаты мен философиясын, сол дəуір адамының жан дүниесінің қозғалысы, аңсары мен əрекетін бейнелеуде» романдық форманың үстемдігі қазақ əдебиетінің жаңа, жоғарғы сатысы деп табады [1; 98]. Жəне қазақ романының пайда болуына басқа əдебиеттерде де кезесетін мынадай нақты жағдайлар себеп болды дейді: «1) Өмірдің өзінде де түбегейлі өзгерістер қажет екенін сезіну пайда болды.

Ол қажеттіліктерді таныту үшін əдебиет өз дəуірінің тақырыптарына қарай ұмтылды. 3) Дəуір ұсынған тақырыптарды бейнелеу үшін дəуір мəселелерін тұтастай қамтитын, яғни саясатты да, философияны да, моральды да, психологияны да, қысқасы, адамның немен өмір сүретінін, немен тыныстайтынын түгел біріктіре алатын жаңа баяндау формалары керек еді. 4) Құндылықтарды қайта бағалауда өзінің айрықша мүмкіндігін дəлелдеген жаңа дəуірге лайықты эпос жанры, яғни роман, қажет болды» [1; 108, 109].

Ұлттық топырақта пайда болған əрбір жаңа жанрдың сол ұлт өнерінің даму логикасынан шығарып барып əлемдік көркемдік өріспен сабақтастыру — ең өнікті, əрі дұрыс жол. Ш. Елеукенов еңбегінде қазақ əдебиетіндегі жанрлық-стильдік құрылымдар өзгерісіндегі сыртқы əсерлер, басқа əдебиеттердің орны жоққа шығарылмайды. Əсіресе ғалымның ұлт əдебиетіндегі өмір құбылыстарын бейнелеу ұстанымдары мен дəстүрлі жанрлардың ауқымының кеңеюінде əдеби аударманың ролін өте орынды бағалайды. Расында да, əдебиетімізде сонет, элегия, мысал, романтикалық поэма, шағын эпистолярлық роман сияқты жанрлық формалардың көрініс беруі — қазақ суреткерлерінің ұлттық таным мен талғамды ескере отырып жасаған талантты аудармаларының нəтижесі. Абайдың төл шығармаларымен қатар, аудармалары романдық сюжет, романға тəн психологиялық жəне əлеуметтік талдау қалыптастырудағы орны орасан.

Орыс классикалық мұраларынан бұрын əжептəуір мөлшерде аударылған шығыс поэзиясының туындылары болғанымен, олардың жаңа ғасыр басындағы қазақ əдебиетінде жанрлық құрылымдар түзудегі ізі бірте-бірте көмескілене бергені де ғалымдар назарынан сырт қалған емес. Мұны ұлттық əдебиеттің еуропалануы деп тануға əсте болмайды. Қайта қазақ əдебиетінің өзіндік заңдылықтарына сəйкес жаңа мазмұндық-формалық ізденістерге бой ұрғаны деп қабылдаған жөн. Жаңа фазаға көтерілген көркемдік таным мен көркемдік ойлау осыны қажетсінді.

Қазақ əдебиеттануында жан-жақты қарастырыла бастаған бұл мəселені идеологиялық талап- шарттардан тыс, еліміз тəуелсіздік алған жылдары зерттеген А. Исмақова еңбегі толымды болып шығуы заңды. Өйткені бұрынғы зерттеулерде ашық талдауға болмаған қазақ романының қарлығашы — «Бақытсыз Жамал» мен Шəкəрімнің өзгеше қырын танытқан «Əділ-Мəриясынсыз», М. Жұмабаевтың классикалық əңгіме жанрының бүкіл шарттары сақталған, прозаның күрделі формаларының қалыптасып кетуіне алабөтен серпін берген «Шолпанның күнасынсыз», Ж. Аймауытовтың əңгімелері, повесі, ұлттық прозаның жаңа эстетикалық сапасы — «Қартқожасы» мен «Ақбілегінсіз» біздегі проза жанрларының даму тенденциясын толық айқындап шығу мүмкін емес еді. Сонымен қатар аталған еңбекте ауыз əдебиеті жанрларының роман құрылымын түзуге қандай компоненттер бере алғандығы, əр жанрдың қандай мазмұндық-түрлік үлес қосқандығы туралы нақты мақсатты көзделген.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет