СоөЖ №10 Тақырыбы: «Жедел және созылмалы бронхит, этиопатогенезі»



бет2/3
Дата15.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#162899
1   2   3
Байланысты:
сроп Мадина Сакен10

Жедел бронхит түрлері
Қабынудың даму механизміне байланысты ауру түрлерінің жіктелуі:
  • біріншілік – бронхтардағы өзіндік дамитын қабыну процессы;
  • екіншілік – басқа патология әсерінен асқынудың болуы

  • Зақымдалу деңгейіне байланысты жіктелуі:
  • төменгі тыныс жолдарының бронхиты (трахеобронхит, бронхиолит және бронхит, ортаңғы калибр бронхтарын зақымдайды);
  • кең таралған бронхит;
  • сегментарлы бронхит.

  • Бөлінетін қақырық түріне қарай бронхит жіктелуі:
  • шырышты
  • іріңді
  • катаралды
  • аралас

Клиникасы

Жедел бронхиттің алғашқы көріністері: жалпы интоксикация симптомдары. Екіншілік жедел бронхит симптомдары: тұмау, тамақтың қышуы, мұрын бітелуі, конъюнктивит, дауыс қарлығуы. Жалпы интоксикация симптомдары байқалады жалпы әлсіздік, бас ауруы, қалтырау, тершеңдік, дене температурасының жоғарылауы, буындар мен бұлшықеттегі ауырсыну. Бронхтардың жедел қабынуының басты симптомы — құрғақ үдемелі жөтел, кеуде тұсындағы, құрсақ бұлшықеттеріндегі күйдірмелі ауырсыну. Жедел бронхит кезінде қақырықты жөтел ауру сатысына байланысты қақырық консистенциясы мен түрі өзгеріп тұрады. Алғашында қақырық созылмалы, аз көлемде бөлінеді және серозды – іріңді түрде болады. Жедел аллергиялық бронхит ұстама тәрізді жөтелмен жүреді, қақырық сипаты ашық шыны тәрізді болады. Токсикалық затпен демалу әсерінен болатын жедел бронхит кезінде жөтел ларингоспазм, кеуде тұсындағы қысу сезімімен жүреді.

Ауру сатылары:

  • Өршу;
  • Интоксикация;
  • Жазылу.

Емі:

  • инфекция, бронхиалды өткізгіштіктің қалпына келуімен және зиянды заттарды алыстатумен байланысты.
  • микробты агентты жою үшін антибиотик, сульфаниламид, А, С және В витаминдері қолданылады.
  • горчичник, банка, ыстық ванна, сілтілі ингаляция, ыстық сүт, шай.
  • дәрілік шөптер, ыстық түсіргіш және тер айдағыш дәрілер
  • емдік физкультура, массаж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет