Соөж тақырыбы: Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау



бет2/2
Дата08.09.2023
өлшемі19,58 Kb.
#180483
1   2
Байланысты:
СРСП 1

Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Оның міндеті –тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдағы ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады.
Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық (теория солидарности) теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі – “Қоғамдық еңбектің бөлінуі” арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.
Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі-ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдік ережелердің жиынтығы болады. қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері менқызметтерінде басшылыққа алып отырады. Қоғам дамуының ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше, экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды, қоғамдық-еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық сананы біріктіру рөлі әлдеқайда төмен, өйткені діни сенім, әдет-ғұрыптар адамдардың санасында бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Бұл –қоғамда адам одан біршама тәуелсіз,тыс тұрады да, - оның бостандығы мен дербестігі қамтамасыз етіледі.


2. Құрылымдық функционализм, қақтығыс теориялары, символдық интеракционизм, рөлдік теорияларды зерттеу.
Құрылымдық-функциялық теория (немесе құрылымдық функционализм), әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады. Биолог ғалым жасушалардың бөліктерін (құрылымдарын) және олардың қалай жұмыс істейтінін (функциясын) анықтаса, құрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушы да қоғамның құрылымдарын және олардың қызметін анықтауға тырысады.
Конфликт теориясы Маркс идеяларынан туындайды. Қазіргі конфликт теориясы негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады:
1. Бәсеке. Жеткіліксіз ресурстарға (ақша, бос уақыт, жыныстық қатынастағы әріптестер және т.б.) қол жеткізу жолындағы бәсеке барлық әлеуметтік қатынастың негізі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас табиғатына консенсустан гөрі бәсеке жақынырақ тұрады.
2. Құрылымдық теңсіздік. Әлеуметтік құрылымдардың барлығында билікті және сый-қүрметті бөлісуде теңсіздік бар. Кез келген нақты құрылымның шапағатын көрген адамдар мен топтар осы теңсіздікті сақтап қалуға тырысады.
3.Әлеуметтік өзгеріс. Өзгеріс - бейімделудің емес, бәсекелес мүдделер арасындағы шиеленістің нәтижесі. Бұл эволюциялық емес, көбіне кенеттен немесе революциялық жолмен келеді, оның үстіне, зиянына қарағанда пайдасы көбірек болады.
Символдық интеракционизм теориясы ғалымдарының пайымдауынша адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш негізгі нысандық тұжырымнан бастау алады (Харон, 2006):
1. Мән-мағына өте маңызды. Кез келген мінез-құлық пен қимылдың я сөздің бірнеше мағынасы болуы және олар әркелкі нәрселерді сипаттауы мүмкін. Адамның мінез-құлқын түсіну үшін оның сол мінез-құлыққа я қимылға қалай қарайтынын зерттеуіміз керек.
2. Мән-мағына қарым-цатынастың арқасында дамиды. Қарым-қатынас өзгергенде мағына да өзгереді.
3. Мән-мағынаны адамдар өзара келісу арқылы жасайды. Біз басқа тараптан шыққан мән-мағынаны ойланбастан бірден қабылдамаймыз. Бір нәрсенің бізге және өзгелерге қатысты мән-мағынасын келісуге әрқайсысымыз үлкен үлес қосамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет