СоөЖ тапсырмалары


Тапсырма 4. Алынған вексельдер бойынша есептер



бет5/5
Дата02.03.2022
өлшемі190,5 Kb.
#133884
1   2   3   4   5
Байланысты:
СРСП-новый

Тапсырма 4. Алынған вексельдер бойынша есептер.
А. Өтелу мерзімі 90 күндік вексельге есептелген процент мөлшері
300 теңге, вексельдің бастапқы құны 10 000 теңге болса
жылдық проценттік ставка қанша?

Б. 180 күн үшін алынуға тиіс вексель бойынша процент 500 теңге.


Проценттік ставка 10%, вексель негізгі құны бойынша төлем
Мөлшері қанша?

В. 270 күн үшін процент 900 теңге. Негізгі құны 12 000 теңге.


Проценттік ставка қанша ?

Г Вексельдің бастапқы құны 3000 теңге, Проценттік ставка 9 %;


60 күн үшін проценттік табыс қанша?
4 тапсырма (СОӨЖ)
Тақырып 4: Қорлар есебі (2 ҚЕХС)
Тапсыру уақыты-5-ші аптада


Тапсырма-1. Сюрприз фирмасы 2013 жылы мынадай тәртіппен компакт дискілер сатып алды
теңге

Мерзімі

Сатып алынған
Диск мөлшері

1-данасының
құны

Жалпы құны

1 қаңтар

800

7-00

5600

8 наурыз

2200

7-50

16500

23 маусым

4000

7-25

29000

15 қыркүйек

3000

7-40

22200

Барлығы

10000




73300

Егер жыл соңында ТМҚ-да 1000 диск болса, әрбір әдісті қолданғанда бух, баланста қандай құн көрсетіледі.


1)ФИФО
2)Ортақөлшем


Тапсырма-2. Дайын өнімнің өзіндік құнын анықтау төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып, белгісіз сомаларды анықта.
Мың теңге







А жағдай

Б жағдай

1

Кезең басындағы ТМҚ

а

50

2

Сатып алынған ТМҚ

100

Д

3

Кезең соңындағы ТМҚ

20

30

4

Аяқталмаған өндіріс цехына жіберілген ТМҚ

80

90

5

Кезең басындағы аяқталмаған өндіріс

Б

40

6

өндіріс жұмысшыларының еңбегі

30

Е

7

Негізгі материал

В

90

8

өндірістік қосымша шығындар

40

20

9

Кезең соңындағы аяқталмаған өндіріс

50

40

10

Аяқталмаған өндіріс цехынан шыққан дайын өнім

160

130

11

Кезең басындағы дайын өнім

40

Ж

12

Кезең соңындағы дайын өнім

30

20

13

Дайын өнімнің өзіндік құны

Г

120

Тапсырма-3. Төмендегі мәліметтерді қолданып, өндірілген өнімнің өзіндік құнының кестесін толтыр.
Теңге

1.Жанар-жағар май, отын 45000


2.Фабрика ғимаратының жал ақысы 160000
3.Негізгі еңбек 900000
4.Көмекші материалдар 20000
5.Сату бойынша болған коммесиондық төлемдер 246000
6.Коммуналдық қызмет ақысы 58000
7.Фабриканың сақтандыру төлемі 20000
8.Сатып алынған шикізат 1 200 000
9.Ай басындағы аяқталмаған өндіріс 160000
10.Ай соңындағы аяқталмаған өндіріс 115000
11.Ай басындағы шикізат 150000
12.Ай соңындағы шикізат 50000
13.Өндірістік емес шығындар 40000

1.Ай басындағы шикізат -------------------


2.Сатып алынған шикізат --------------------
3.Қолдануға болатын қолда бар шикізат --------------------
4.Ай соңындағы шикізат --------------------
5.Өндірісте қолданған шикізат --------------------
6.Негізгі еңбек --------------------
7.Өндірістік үстеме шығындар
А) -------
Б) -------
В) т.с.с -------
Жинағы

8.Барлық өндірістің өзіндік құны ------------------


9.Ай басындағы аяқталмаған өндіріс ------------------
10.Ай соңындағы аяқталмаған өндіріс ------------------
11.Өндірілген өнімнің өзіндік құны ------------------
Тапсырма-4. ТМҚ-ң өзіндік құнын есептеу әдістері.

Есепті шығар: өлшемі: теңге






Дата мезгілі

Мөлшері

әрбір
данасының
құны

Сомасы

Кезең басындағы
ТМҚ, жылы

қаңтар

10

100




Сатып алынды

қаңтар

15

110







ақпан

20

120







маусым

15

130







қыркүйек

15

125




Кезең соңындағы
ТМҚ, 1 жылы

желтоқсан

30







1.Егер ТМҚ бағалау кезеңдік әрі ФИФО әдісімен жүргізілсе, табыс туралы есепте сатылған өнімнің өзіндік құны қандай?
2.Ортақ өлшем әдісімен жүргізілсе ше?

№5 Тапсырма (СОӨЖ)


Тақырып 5: Негізгі құралдардың есебі (16 ҚЕХС)
6-шы аптада
Тапсырма-1.
«Шыңғыс» компаниясында төмендегідей негізгі құралдар бар:

  • Компанияның қызмет барысында арналған «Ауди-100» 2010 жылғы жеңіл авто көліктің бастапқы құны -3800 000тг, пайдалану мерзімі -10жыл, жойылу құны-бастапқы құнының 15%.

  • Toshiba 1550 ксерокс 2014 жылы сатып алынды. Бастапқы құны -70000тг, пайдалану мерзімі 3 жыл, жойылу құны –10000 тг.

  • MICROLAB компьютерінің бастапқы құны 60000 тг пайдалану мерзімі 5-жыл жойылу құны бастапқы құнының 25%.

Осы негізгі құралдарға «Шыңғыс» компаниясының есеп саясатында қарастырылған амортизацияны есептеу (тиісінше өндірістік, кеми беретін қалдық құн және кумулятивтік) әдістері бойынша амортизациялық аударымдарды есептеңіздер.
№6 Тапсырма (СОӨЖ)
Тақырып 6: Материалдық емес активтер есебі (38 ҚЕХС)
Тапсыру уақыты 7-ші аптада
Тапсырма 1. Материалды емес активтер

  1. «Мышеловка» Компаниясы тышқан аулайтын құралдың жаңа түрлерін шығарумен тұрақты айналысады. Компания бухгалтерлері жыл бойы осы өнімді өндіру бойынша шығындардың жалпы сомасы еңбек ақы, материалдар, сынау шығындарын қоса алғанда 1 200 000 теңге болғанын анықтады. Бұл шығындардың бухгалтерлік жазбасы қандай?

  2. Үш жылдан соң «Мышеловка» компаниясы «Ловушка» компаниясына шығарған жаңа құралының патентін 1600 000 тг-ге сатты, «Ловушка» оны төледі. Патенттің қызмет ету мерзімі 20 жыл. Осы операция «Ловушка» компаниясының бухгалтерлік жазбасында қалай көрсетіледі?

  3. Екі жылдан кейін жаңа компания «Западня» «Ловушка» компаниясынан осы патентті 2 000 000 тг-ге сатып алуға тілек білдірді. «Ловушка» оны сатпауға шешім қабылдады, себебі ол оның ең табысты өнімі еді. «Ловушка» патенттің нарықтық құнының өзгерісін қалай көрсетуі тиіс?

Тапсырма 2. Материалды емес активтердің амортизациясы
Бухгалтерлік баланста көрсетілген патент, «ММС» компаниясымен 2013 жылдың 31 желтоқсанында 112 500 тг-ге сатып алынды. Патенттің құны шығысқа қалған қызмет ету мерзімі бойы шығуы тиіс. (Патенттің құқықтық мерзімі берілген күннен 10 жылды құрайды).

  1. Патенттің жылдық амортизация нормасын есептеңіз.

  2. Патенттің есептелген жылдық амортизациясы бойынша журналдық өткізбені беріңіз.

  1. Материалды емес активтің баланстағы құнын 2014 ж. 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша есептеңіз.

№7 Тапсырма (СОӨЖ)


Тақырып 7: Активтердің құнсыздануы (36 ҚЕХС)
Тапсыру уақыты 8-ші аптада
36 ҚЕХС-тан қысқаша сипаттама жазу

№8 Тапсырма (СОӨЖ)


Тақырып 8: Ұйымның міндеттемелерінің есебі
Тапсыру уақыты 9-10-шы аптада


Тапсырма 1. Міндеттемелер
1. 15 марта 2014 ж. «Стройгаз» құрылыс компаниясы 2014 жылың 15 наурызында жалпы сомасы 500 000 тг болатын дивидендтер төлеу туралы жариялады.
а. Дивидендтер төлеу туралы жариялаған күнгі операцияны көрсетіңіз
ә. Дивидендтер төленген күнгі операцияны көрсетіңіз

2. «Ризот» компаниясы (курорт) оларға клиенттер тасыған автобус жүргізушілеріне сол клиенттерден алынған түсімнің 5% көлемінде сыйақы төлейді. Тамыз айында түсім 220 000 теңгені құрады. Компания төлемді келесі айда жүргізеді. 31 тамызда сыйақы бойынша міндеттемелер есебін көрсетуге қажетті операцияны көрсетіңіз.




Тапсырма 2. ҚҚС бойынша есеп айырысу
«Федерал экспресс» өнеркәсіптік компаниясы тұрмыстық техника өндірісі бойынша қызметін 2014 жылдың 1 қаңтарында бастады. Бір ай ішінде компания келесідей шығыстар жұмсады:

  • Шикізат және материалдар сатып алынды, шот-фактурадағы сомасы 1 400 000 тг. ал, ҚҚС сомасы-?.;

  • Жал бойынша шығыстары 100 000 тг. құрады, ҚҚС сомасы – -?.;

  • Телефон шығыстары 25 000 тг., ҚҚС сомасы – -?;

  • коммуналдық қызмет ақысы 15 000 тг., ҚҚС сомасы – -?;

  • жеке тұлғадан көмекші материалдар 40 000 тг. сатып алынды.

Қосымша ақпарат:
Қаңтарда 800 өнім бірлігі өндірілді;
Қаңтар соңында барлық өнім өткізу бағасы әрбір бірлігі үшін 3000 тг-ден сатылды, өткізу бағасында ҚҚС -?.
Өткізуден түскен кіріс 2 400 000 тг.
Тапсырма:
Орындалған барлық операциялар бойынша өткізбелерді көрсетіңіз.
Бюджетке тиісті немесе бюджеттен тиіті ҚҚС сомасын есептеңіз.
№9 Тапсырма (СОӨЖ)
Тақырып 9: Түсім, кірістер және шығыстарды тану (18 ҚЕХС)
Тапсыру уақыты 11-12-ші аптада


Тапсырма-4. «Темирбек» компания 31-желтоқсанда 2014 жылына бастапқы балансы төменде берілген.
«Темирбек»
Бастапқы баланс
31-ші желтоқсан 2014 жылы (мың тг.)






Дебет

Кредит

1

Ақша қаражаттары

2,160




2

Есеп айырысу шоты

1,250




3

Канцеларлық тауар

180




4

Сақтандыруға алдын-ала төлем

240




5

Жиһаздық жабдықтар

3,400




6

Тозуға аударым




600

7

Жеткізушілермен есеп айырысу шоттары




700

8

Бөлінбеген табыс




460

9

Капитал




4,870

10

Дивиденттер

400




11

Кеңес беру қызметтен түскен түсім




2,900

12

Еңбек ақы бойынша шығыстар

1,500




13

Жал бойынша шығыс

400







Жиынтығы

9,530

9,530

Осы компанияда желтоқсан айында төмендегідей операциялар орындалды:



  • Сақтандыру уақыты ағымдағы желтоқсан айында аяқталады. 40, 0мың тг

  • Желтоқсан айының аяғында кеңсе тауарларды сатып алуға 75,0 мың тг. жұмсалды

  • 100, 0 мың тг. желтоқсан айына тозу есепке алынды

  • желтоқсан айының соңына 120,0 мың тг болады деп еңбек ақы есептелінді

  • қызметтен түскен түсім келіп түспеген – 300, 0 мың тг.



Талап етіледі:

  • Бухгалтерлік жазу беріңіз;

  • Тексеру баланс құрастырыңыз;

  • Кіріс және шығыс туралы есеп беруді құрастырыңдар

№10 Тапсырма (СОӨЖ)
Тақырып 10: Капитал мен резервтер есебі
Тапсыру уақыты 13-ші аптада


Тапсырма 1. Дивидендтер
«АтырауНан» компаниясы 1 ақпанда өзінің жай акциялары бойынша жалпы сомасы
1 000 000 тг болатын дивидендтер төлеу туралы жариялады. Тағайындалған тіркеу күні - 1 наурыз. Дивидендтер 15 наурызда төленді. Дивидендтер есебі үшін қажетті барлық жрналдық өткізбелерді дайындаңыз. «Алматы Нан» компаниясы келесі жылы дивидендтердің 2%-н ақшалай емес акция түрінде төлеуді жариялады. Баланстық есептің «акционерлік капитал» бөлімінде акция түрінде төлеу жарияланғанға дейін келесі ақпараттар болды:
Дивидендтер Дивидендтер
жарияланғанға дейін жарияланғаннан кейін
Жай акциялар, номиналы 5 тг.
(Шығауға рұқсат етілген 100 000 дана) 5 000 000
Номиналдық құннан артық төленген капитал 20 000 000
Бөлінбеген пайда 75 000 000
Барлық акционерлік капитал 100 000 000
«АтырауНан» компаниясының жай акциялары дивидендтер төлеу туралы жарияланғанға дейін 150 тг-ден сатылды.

  1. Акция түріндегі дивидендтерді көрсететін өткізбелерді дайындаңыз

  1. Акциялар бойынша дивидендтер есептеліп және төленгеннен кейінгі Баланстық есептің «акционерлік капитал» бөлімін дайындаңыз.



Тапсырма 2. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар
«Астана Энтерпрайз» - жаңа корпорация. Қызметінің бірінші жылында келесі операциялар орын алды:
1 қаңтар: Корпорацияға 100 000 акцияны номиналы 20 тг-мен шығаруға рұқсат етілді.
5 қаңтар: 100 акция адвокатқа оның қызметіне ақы ретінде 2 500 тг-ге берілді(ұйымдастыру шығыстары).
10 қаңтар: 500 акция пайдаланудағы дүкеннің ішкі жөндеу жұмыстарын өтеу үшін берілді. Акциялар дың сатып алынуы белсенді емес, сондықтан акцияның нарықтық құнын анықтау мүмкін емес. Бірақ та ішкі жөндеу жұмыстарынының әділ нарықтық құны 18 000 тг. құрады.
20 қаңтар: 20 000 акция әрқайсысы 30 тг-ден сатылды. Бірінші төлем 28 ақпанда, екіншісі 30 сәуірде жасалады.
28 ақпан: 300 000 тг. акция құны ретінде келіп түсті.
30 сәуір: 300 000 тг акция құны ретінде келіп түсті және акциялар шығарылды.
15 мамыр: 5 000 акция акционерлерден 35 тг-ден сатып алынды.
31 қазан: Кері сатып алынған өз акциялары жаңа инвесторларға 32 тг-ден сатылды.
11 Тапсырма (СОӨЖ)
Тақырып 11: Қаржылық есептілікті ұсыну (1 ҚЕХС)
Тапсыру уақыты 14,15--ші аптада
Тапсырма 1.



Активтер

Сомасы
(теңге)

Меншікті капитал және міндеттемелер

Сомасы (теңге)

Қысқа мерзімді активтер
Ақша қаражаттар:
Кассадағы ақша қаражаттар
Есеп айырысу шоттарындағы ақшалар
Қорлар:
Шикізаттар мен материалдар
Аяқталмаған өндіріс
Дайын өнім
Дебиторлық берешектер:
Сатып алушылардың берешектері
Өзгеде дебиторлық берешектер
Жиынтығы
Ұзақ мерзімді активтер
Материалдық емес активтер
Негізгі құралдар
Инвестициялар
Жиынтығы
Баланс



20000

1560000

156000
94000
240000

54000
40000


2164000

540000
3516000


180000
4236000
6400000

Меншікті капитал
Жарғылық капитал
Бөлінбеген табыс

Жиынтығы
Ұзақ мерзімді міндеттемелер


Ұзақ мерзімді банк несиесі
Жиынтығы
Ағымдағы міндеттемелер
Қысқа мерзімді банк несиесі
Кребиторлық борыштар:
Жабдықтаушылар және мердігерлерге берешектер
Еңбекақы бойынша берешектер
Басқа да кредиторлық берешектер
Жиынтығы

Баланс


4800000
580000


5380000

400000
400000

300000

180000

50000

90000
620000

6400000



Кәсіпорында қаңтар айының ішінде төмендегі операциялар орындалды делік:
1) 5 қаңтарда кәсіпорын жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан кассаға нақты ақша алынды – 50000 теңге;
2) 6 қаңтарда кәсіпорын жұмыскеріне кассадан еңбек ақы төленді – 50000 теңге;
3) 7 қаңтарда басқа кәсіпорыннан тегін (ақысыз) алынған негізгі құрал кіріске алынды – 80000 теңге;
4) 10 қаңтарда жабдықтаушылардан келіп түскен шикізаттар қоймаға кіріске алыңды – 90000 теңге;
5) 12 қаңтарда банктің қысқа мерзімді несиесі есеп айырысу шотына қабылданды – 100000 теңге;
6) 20 қаңтарда сатып алушы кәсіпорынға дайын өнім жөнелтілді – 160000 теңге;
7) 25 қаңтарда есеп айырысу шотынан жабдықтаушының қарызы өтелді – 60000 теңге;
8) 7 қаңтарда қоймадан өндіріске шикізаттар босатылды – 70000 теңге;
9) 6 қаңтарда есеп айырысу шотына сатып өткізілген өнім үшін сатып алушылардың төлемі қабылданды – 190000 теңге;
10) 30 қаңтарда негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелді – 80000 теңге.

Талап етіледі:


Қаржылық есеп берулерді құрастырыңдар.


Тапсырма 2. Есеп-7 «Зейін» кәсіпорын 2014 жыл. Қаржылық нәтижесі бойынша келесі нәтиже алды делік:



Бухгалтерлік есеп мәліметі

Жылдық жиынтық табыс туралы декларациясының мәліметі және жасалған шегерімдер

Көрсеткіштер атауы

Сомасы мың теңге

Көрсеткіштер атауы

Сомасы мың теңге

1

2

3

4

1.Өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен түсім

10200

1.Жылдық жиынтық табыс оның ішінде:
өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен түсім

10400

10200

200


2.Сатылған өнімнің өзіндік құны, оның ішінде:
-негізгі құралдың амортизациясы
-жөндеуге кеткен шығыстары

7015

217

94


2.Тауарды сатумен байланысты шығыстар 7620 теңге (7015-217+916)

7620

3.Кезең шығыстары
3.1.жалпы және әкімшілік шығыстары:
а) басқару
б) бюджетке төленетін айыппүл санкциялары
в) нормадан жоғары жасалған іс сапарының шығыстары
г) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстар
д) салықты есептеу

1915,54

1780

916
68

44


52

700




3.Марапаттау (Лондон банкаралық мөлшерлемесі бойынша, несиені алған күні оның деңгей 2,455 құраған):
-бірінші шектеу кезіндегі марапаттау сомасы (Лондон банкаралық нарығының 2-еселенген мөлшерлемесі пайдаланған 73945 теңге (150600*(2,455*2)%).
-қосымша шектеуді ескеріп, есептелген марапаттау сомасы:
0+135540*15/30=67770

67,77


3.2.Пайызды төлеуге байланысты шығыстар (шетел валютасында резидент еместерден 03.01.06ж. 10000доллар немесе 1506000 теңге екі жылға несие алған 9 пайыз жылдық пайызды, яғни 135540 теңге (1506000*9%))

135,54


4.Бағамның теріс айырмасы 900,23-салық салынатын табыс, оң да, теріс те бағасы ескерілмей есептелген; енді осы соңғының 50% аламыз
(200+50%*900,23)>400тг. Бұл толық көлемде шегерімге жатады, өйткені ол бағамның теріс айырмасына қойылған шектеуден аспаған

400







5.Салықтар (оның 500мың теңгесі осы кезеңде 50 мың теңгесі-өткен кезеңде төленген)

550


4.Негізгі қызметі болып саналмайтын сферадан түскен табыс, оның ішінде:
-бағам айырмасынан түскен табыс
- бағам айырмасынан алынған шығыс

(200)

200
400


6.Тіркелген активтер бойынша жасалған шегерімдер және жөндеу шығыстары, амортизациялық аударымдар:
-негізгі құралдардың амортизациясы
-жөндеуге кеткен шығыстар

1062

981

81


Табыс жиыны
(с.ж.1-с.ж.2-с.ж.3+с.ж.4)

1069,46

Салық салынатын табыстың жиыны (с.ж.1-с.ж.2-с.ж.3-с.ж.4-с.ж.5-с.ж.6)

700,23



Талап етіледі:
1. 2014 жылы корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 20% құраған, ал оның деңгейі 2013 жылы 22 % деңгейінде белгіленді делік, онда олардың уақытша салықтық эффектісі 45 мың теңге құрайды. Енді осы шартты мысалдың негізінде 2014 жыл салықтық төлемнің қанша құрайтындығын анықтаныздар.
2. Келтірілген мәліметтердің негізінде келесі шоттар корреспонденциясын құрастырыңыздар:





Шаруашылық операциялардың мазмұны

Сомасы мың.
теңге

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

Есептелген корпоративтік табыс салығы










2

Кейінгі қалдырылған табыс салығын есептеу










3

Кейінге қалдырылған табыс салығын есепті кезеңнің басына түзету











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет