Сот ісін жүргізу 509-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша iс жүргiзу үшін негiздер



бет6/14
Дата19.02.2022
өлшемі49,52 Kb.
#132453
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ҚПК

516-бап. Заңды өкiлдiң қатысуы
1. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiліп жатқан адамның жақын туысы немесе өзге де адам осы адамның заңды өкiлi болып танылады және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның немесе прокурордың қаулысы бойынша не соттың қаулысы бойынша iске қатысуға тартылады.
2. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiліп жатқан адамның заңды өкілінің сотқа қатысуы міндетті болып табылады.
3. Заңды өкiлдің:
1) өзi өкiлi болып отырған адамның қылмыстық заңда тыйым салынған қандай іс-әрекеттi жасауда айыпталып жатқанын бiлуге;
2) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлiмдеуге;
3) дәлелдемелер ұсынуға;
4) өзінің немесе қорғаушының өтiнiшхаты бойынша жүргi зiлетiн тергеп-тексеру әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен қатысуға;
5) өзi қатысқан тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескертулер жасауға;
6) алдын ала тергеу аяқталған соң iстiң барлық материалдарымен танысуға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, одан кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардың көшірмесін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға;
7) қылмыстық iстi тоқтату немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулының көшiрмесiн алуға;
8) сот талқылауына қатысуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың және соттың әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар келтіруге;
10) соттың қаулысына шағым жасауға және шағым жасалатын шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға;
11) iс бойынша берілген шағымдар, прокурордың келтiрілген өтінішхаттары мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;
12) мәлiмделген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын және наразылықтарды сотта қарауға қатысуға құқығы бар.
4. Заңды өкiлге құқықтарының түсiндiрiлгенi туралы хаттама жасалады.
Ескерту. 516-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет