154
талантты
режиссер
Нұрқанат
Жақыпбай
сахналаған
Талаптанның «Сұлу мен суретшісі» театрдың үлкен бір табысты
қойылымы болды.
Талаптан Ахметжан қазақ руханиятындағы өзіндік
қарапайым, әрі тым сыпайы болмысты әсем әлемін жасап
үлгерген жан еді. Қатаңдық пен қаталдықты емес, әр жүректегі
аяр сезімнің отын үрлейтін нәзік лириканы жазды. Оқырман ол
әлемге қалай еніп кеткенін, көңіл құсының қайтіп шартарапқа
құйқылжып қалықтағанын білмей қалатын-ды. Ішіне енбесең,
сыртынан бажайлағанға ондай бақытты сәт бұйырмас. «Аяз
сүйген көңілімнің әйнегі, көрінбейді көмкерілген қыраудан»
деген сөзі арнап айтпаса да, осыны аңғартар.
Қаламгер ортасынан ойып тұрып орын алып, оқырман
тілегіне сай озық туындыларын ұсынуда да қарманып қалмады.
Заманының сезімтал суретшісі бола білді. Қауырсын қаламының
екпіні іштегі тоқырау мен толымсыздықтың шектеуінен емес,
бес күн жалғандағы болымсыздықтың өткелінен кілт тосылды.
Жазушылар қауымы жазғанынан жазары көп болатын деді.
Сонысымен биік, сонысымен асқақ еді...
Достарыңызбен бөлісу: