"Современные информационные технологии"



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі1 Mb.
#120964
түріЛекция
1   2
Байланысты:
1 дәріс

«Интернет-журналистика»

  • Компьютер - электронды есептеу машинасы.
  • Негізгі екі бөліктен тұрады: «қатты» және «жұмсақ».
  • «Қатты» бөлік: жүйелік қорап (процессор, жады, енгізу және шығару құралдары)
  • «жұмсақ» бөлік: бағдарламалар (жүйелік және қолданбалы)

«Интернет-журналистика»

  • Интернет – ашық компьютерлік желі, адамдардың өзара ақпарат алмасуына қызмет етеді.
  • Ағылшынның World Wide Web сөзі Дүниежүзілік шырмауық деп аударылып жүр. Орысша "Всемирная Паутина«. Яғни, World Wide Web көптеген Интернет серверлердің бір желіге қосылуы арқылы арнайы, гипермәтін арқылы ақпарат жеткізу әдісі.
  • 'Интернет аталары'' - Джозеф Ликлайдер, Винтон Серф,
  • Тим Бернерс-Ли
  • 1969 жылғы 2 қыркүйекте, Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің (UCLA) бір топ студенті профессор Леонард Клейнроктың (Leonard Kleinrock) жетекшілігімен әлемдегі тұңғыш желіні құрады және 4,5 метр қашықтықтағы қос есептеу машинасы арасында кабельдік байланыс орнатады.
  • Джозеф Ликлайдер (Joseph Licklider) қорғаныс мақсатында ақпараттық есептеу желісін құру тұғырнамасын жасайды, соның нәтижесінде американың төрт университетінің компьютерлері өзара жалғастырылады. Ол АҚШ қорғаныс министрлігінде ARPANET деген атауға ие болады.
  • Винтон Серф (Vinton Cerf), 70-інші жылдары, ақпаратты жеткізудің TCP/IP протоколын дүниеге әкелді.
  • «Интернет-журналистика»
  • Тим Бернерс-Ли – Интернеттің www-технологиясының әкесі.
  • Америкалық Ванневар Буш (Vannevar Bush) "гипертекст« сөзін дүниеге әкелді.
  • Ғалым Тед Нельсон (Ted Nelson), адамзаттың жазған мәтіндерін өзара сілтеме арқылы байланыстырып, «құжатталған ғаламшар« жасауды ұсынғанда, ешкім құлақ аспай, мынау жынды ма деген.
  • Роберт Каиллиагу (Robert Cailliau), "World Wide Web« әкесінің «оң қолы«, осы терминді дүниеге әкелген. Америкалықтар оны Кайо деп атаған.
  • «Интернет-журналистика»
  • 1990 жылдың күзінде Еуропалық ядролық зерттеулер орталығында (CERN) тұңғыш рет "веб-сервер" мен "веб-броузер« іске қосылады, оны Бернерс-Ли NeXTStep операциялық жүйесінде жазады. 91-жылдың жазында Еуропаны мойындатқан "WWW« жобасы мұхит асып, америкалық "Internet« терминіне ие болады. Жаңадан дүниеге: URL, HTTP, HTML сияқты қысқарған сөздер келді.
  • «Интернет-журналистика»
  • 1991 жылдың 12 желтоқсаны—
  • World Wide Webтің дүниеге келген күні.
  • Бернерс-Ли мен оның серіктестері Webтің негізін қалады: ақпарат жеткізудің гипермәтіндік протоколын (HTTP), гипермәтіндік тілді (HTML) және адресті табудың әмбебеп жүйесін (URL) дүниеге әкелді. Тим Бернерс-Ли алғашқы арнайы Web-сервер мен Web-браузер бағдарламаларын жазып шықты.
  • kz домені 1994 жылдың қыркүйегінде ашылды.
  • «Интернет-журналистика»
  • «Интернет-журналистика»
  • Интернет – дегеніміз TCP/IP протоколының үйлесімді ақпарат алмасуы. Интернетте ондаған мың желілер өзара жалғасады және соның бәрі де TCP/IP протоколын пайдаланып, бірыңғай IP-адрестер кеңістігін құрады. Бұл желілер әкімшілік және қаржылық тұрғыдан жеке дара, тәуелсіз.
  • Интернеттегі көпшілік компьютердің өз атауы болады, ол IP-адреске сілтеме жасайды. Осындай есімдерді IP-адреске ауыстыру қызметі Домендік Есімдер Қызметі (DNS).
  • Компьютердің атауы әдетте нүкте арқылы бөлінген есімдерден тұрады. Мысалы, www.jourfac.kazsu.kz. Бұл иерархиялық, немесе домендік DNS қызметінің құрылымы.
  • Ғаламтордағы есімдер жүйесі
  • Әрбір IP-адрес 32 биттен тұрады және әдетте төрт ондық сандардан құралады, мысалы, 192.168.22.11. Бұл адресті дүниежүзілік бірегейлеу қызметі береді және қайталанбайды. Соның нәтижесінде Интернетке қосылған әр компьютер жеке IP-адреске ие болады.
  • Ғаламтордағы есімдер жүйесі
  • Жоғары деңгейдегі домендер
  • Домен Қолданыс аясы
  • 1 com Коммерциялық ұйымдар
  • 2 edu Оқу орындары
  • 3 gov үкіметтік мекемелер
  • 4 mil Әскерилер (армия, флот, ж.б.)
  • 5 org әр түрлі мекемелер
  • 6 net Желілік ресурстар
  • Аймақтық домендер
  • kz – Қазақстан ru – Ресей de – Германия
  • uk – Ұлыбритания
  • «Интернет-журналистика»
  • Веб ресурстың жеке атауы URL – ресурстардың әмбебап атауы (Universal Resource Locator) болып табылады.
  • URL пішіні мынадай:
  • http://fadr.msu.ru/ecocoop/index.html.
  • ftp:// файл архивтері.
  • «Интернет-журналистика»
  • Гипермәтін деген не?
  • Гипермәтіннің жай мәтіннен айырмашылығы ондагипермәтіндік сілтемелер (гиперссылки) болады және арнайы белгілермен (разметка) компьютерлік тілде жазылады. Соған қарамастан тұтынушы оны компьютер түрі мен қуатына қарамастан бірдей көреді және оқиды.
  • Гипермәтіннің арнайы тілі HTML (HyperText Markup Language, орысша "язык разметки гипертекстов") деп аталады.
  • «Интернет-журналистика»
  • «Мультимедиалық / Интернет-журналистика»

http://ijnet.org/ru

http://ijnet.org/ru

http://professionali.ru/

http://professionali.ru/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет