Современные тенденции развития иноязычного образования в высшей школе



бет203/229
Дата06.02.2022
өлшемі9,12 Mb.
#38185
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   229
Монолог ()
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2008 жылдың соңғы тоқсанында бір қызметкердің орташа айлығы 59 мың теңге шамасында болған. Ал бұл саланы білдей бір мектеп директоры да, керемет бір фирманың күзетшісі де алуы мүмкін. Демек, бұл екі адам да «орта топқа» еніп кеткелі тұр. Жұмыстың ала-құласы жоқ, сондықтан біреуді кемсітіп, екіншісін мұқатқымыз келмейді. Бірақ «орта топқа» ену үшін «қара жұмыс» істейтін ортанқол жұмысшы емес, кәсіби маман болуы керек. Демек, оның қызметі де зиялы кәсіптердің қатарынан орын алуы тиіс. Ол үшін, әсіресе, ол адам кем дегенде колледжді, дұрысы жоғары оқу орнын бітіру керек. Білім – біздегі критерийлердің бастысы. Адам капиталы болған соң, оның білімі жоғары боғланы жақсы. Алайда жоғары білімдінің барлығы керемет жалақы алып жатқан жоқ. Демек, сіз өз біліміңіз арқылы қолыңыз жеткен жақсы қызметтен алған «шәйлығыңыздан артылған артық-ауыс қаржыны қалтаңызға басып, жұмыстан жеке көлігіңізбен жеке пәтеріңізге келе жатсаңыз, және қызметіңіздің «мәртебелі мамандық» екенін сіз ғана емес, өзгелер де мойындай білсе, яғни бүгін бар да, ертең жоқ қызмет болмаса, өзіңіздің қоғамдағы әлеуметтік дәрежеңізге шын жүрегіңізбен қанағаттансаңыз ғана «орта топсыз».
«Орта топ» атанбай-ақ өмір сүруге болатын шығар. Социологтар ұсынған концепция бойынша, «орта топ» - қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Тұрақтылық – елдегі саяси, әлеуметтік, экономикалықжағдайдың кепілі. Демек, заманауи қоғамдағы әлеуметтік ең оңды модель - «кедейі» аз, «орташасы» көп, «бай-бағыланы» біршаманы құраған халқы бар мемлекет. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, қазақтың орташасы мен орыстың немесе американың «орташасын» салыстыруға келмес. Мәселен, барға қанағат етуді үйренген орташа қазақ қалтасында көк тиыны болмаса да «жағасы – жайлау». Ал еуропалық «орта топтың» жеке есеп-шотында үнеммен жиналған ақшасы жатса, америкалық «орта топ» қарызға өмір сүре береді.
Социологтар салып берген «орта топтың» портретіне үңілер болсақ, олар бос уақытының көбін үй шаруашылығына, достарына, отбасына жұмсайтын, және қолы қалт еткенде теледидар көріп, кітап оқитын, газет-журнал ақтаратын, концерттер мен театрларға баратын, спорт үйірмелеріне қатысатын, жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын, ең бастысы, өзін еркін елдің азаматы сезінетін, қызметі қолбайлау болмайтын, «төңкерістерге» қырын қарайтын, қақ-соғы жоқ, мәдениетті, тып-тыныш қана өмір сүруді қалайтын жандар екен. «Орта топтың» өкілдері, біздіңше, рухани құндылықтарға басым бағыт береді. Статистика агенттігінің мәліметтеріне көз жүгірттік. Әрине, агенттік елдегі кедейлер мен байлар – мынаған, орташалар – анаған қаржы жұмсады деген дерек келтіре алмайды. Бірақ «орта топтың» өзге әлеуметтік топтардан көбірек екенін ескере отырып, сол жұмсалған қаржының қомақты бөлігі орташалар жұмсаған қаржы шығар ойға келдік.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің көрсетуінше, 2007 жылы еліміздегі кітап саудасына 6 миллион теңге ақша жұмсалған. Салыстыру үшін арақ өнімдеріне жіберген қаржыны көрсете кетелік, ол – 38 млн теңге көлемінде. Газет-журналдар саудасына 6-млн-ға жуық ақша кетсе, киім алу үшін 116 млн-нан астам қаржы жұмсалған. Медициналық тауарларға 4 млн-нан асатын сома, ал косметика бұйымдары мен басқа да керек жарақтарға 42 млн-ға дейін ақша кеткен.
«Орта топ» өкілінің үйінде заманауй технологиялық аппараттар – компьютер, микротолқынды пеш, ыдыс-аяқ жуатын, кір жуатын машиналар да табылуы тиіс. Және ауыра қалсаңыз, ақылы медициналық көмек алуға, қажет кезінде біліміңізді ақылы түрде көтеруге, жылына бір айналып келетін демалысыңызда шетелдік болмаса да, отандық демалыс орындарына баруға жағдайыңыз көтеруі тиіс. Оның үстін несие алғыңыз келсе, кез-келген банк сіз қалаған соманы еш кедергісіз рәсімдеп беруге даяр «қабілетті» клиенттердің қатарынан көрінуге тиіссіз.
Ең бастысы, өзіңіздің бай емес екеніңізге көзіңіз жетсе, «кедей» деген атты қымсынсаңыз, еш қымсынбайтын «орта топпын» деген сезімнен арылмақпыз.
«Төртеу түгел болса...», «Қазақ «дебиеті» газетінен
1. «Орта топ» өкілдеріне сай емес белгі ____________.
А) орташа табыс
В) орташа білім
С) орташа тұрмыс
D) орташа көлік
2. Қоғамдағы тұрақтылықтың негізі ____________.
А) кедейлері көп ел
В) байлары көп ел
С) бай, кедей тең ел
D) орташасы көп ел
3. Мәтін бойынша, америкалық орта топтың өкілі ____________.
А) барға қанағат етеді
В) жеке есепшотында ақшасы болады
С) қарызға да өмір сүре алады
D) табысын қажетіне жеткізе алады
4. 2007 жылы қазақстандықтар қаржының ең көп бөлігін ____________ жұмсаған.
А) кітапқа
В) арақ-шарапқа
С) косметика бұйымдарына
D) киімге
5. Біздің қоғамдағы қаржы көздерінің қайда кетіп жатқанын келтірудегі мегзегені ____________.
А) қаржыны дұрыс жұмсаймыз ба?
В) қаржы бөлінісі
С) қаржы табу
D) қаржы тапшылығын болдырмау
6. Автордың көзқарасы бойынша, «орта топтың» басқа әлеуметтік топтардан ерекшелігі ____________.
А) қаржы таба білетіндігі
В) қаржыны дұрыс бөле білетіндігі
С) рухани құндылықтарға басымдық беру
D) материалдық байлықты жоғары қоюы
7. Мәтіннің негізгі айтпағы ____________.
А) «орта топқа» жататын кімдер
В) «орта топ» не үшін керек
С) әр қоғамдағы «орта топтар»
D) «орта топтың» қаржы бөлуі
8. Мәтіннің идеясы ____________.
А) «Орта топ» жайлы түсіндіру
В) «Орта топ» жайлы насихаттау
С) «Орта топқа» жету жолдары
D) «Орта топқа» жетуге шақыру


Әдебиет

  1. Аванесов В.С. Форма тестовых заданий. -Москва, 2006 г.

  2. Күзекова З.С., Пазылова Г.С., Әбдірәсілов Е.Қ. Қазақ тілі тестілеу теориясы мен практикасы. -Алматы, 2009 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет