Сөз әдебі тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тәртібі



Дата27.09.2023
өлшемі15,06 Kb.
#182630
Байланысты:
2 топ Сөз әдебі, формалары


Сөз әдебі, формалары

Сөз әдебі - тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тәртібі.


Тіл қатудың тәртібі қарым-қатынас жағдайына қарай жұмсалатын арнайы сөздер мен тұрақты сөз орамдарының жүйесі арқылы жүзеге асады.
Қоғам мүшелерінің арасындағы әрбір қарым-қатынас жағдайын қамтамасыз ететін тілдік құралдар ақылы жүзеге асады. Қоғам мүшелерінің арасындағы әрбір қатынас жағдайын қамтамасыз ететін тілдік құралдар және олардың синрнимдік қатарлары болады.Тілдесуші жақтардың білім, тәрбие деңгейін, мекенін, жыныс, жас айырмасын тұрақты, тұрақты емес т.б әлеуметтік рөлдеріне тән белгілерін есепке алып отыру cөз әдебінің әлеуметтік қырлары болып табылады.
Сөз әдебін білдіретін, соның мазмұнын көрсететін стандарт ьілдік бірліктердің өзіне тән басты ерекшеліктері бар. Оларға мыналарды жатқызуға болады: қүрамының түрақтылығы, үнемділігі, қолданысқа икемділігі, мазмұнның көпшілікке түсініктілігі.
Сөйлеу әдебі – әртүрлі қарым-қатынас ситуацияларындағы сөйлеу тәртібінің ережесі және этикалық нормалардың жиынтығы. Сөйлеу әдебі де байланыс қызметін атқаруда ерекше мәнге ие болады. Амандық сұраудан бастап, қоштасу сияқты тақырытық топқа жататын тілдік бірліктер коммуниканттардығ арасындағы байланыстардың орнауын қалыпты жағдайда жалғасуын, үзіліп қалмауын, сақталуын, нығаюын толық қамтамасыз етіп отырады.
Сөйлеу әдебі сөздің ерекше саласы юолғандықтан, мұ,да тіл білімі тарапынан кәсіби көзқарас та қажет. Сөйлеу этикасы лингвистика ғылымына қызығушылық танытатын адамдарға ғана арналмаған. Адамдар бір-бірімен сөйлескен кезде мәтін пайда болады. Бұл мәтін тіл заңдылықтары бойынша құралады, ал соның ішіндегі дара сөйлемдер грамматика және мағынамен ұштасады. Мәтін және оның элементері әр түрле болады. Мұның бірнеше себебі бар: сөздердің ауызша және жазбаша түрде берілуі, көзбе-көз сөйлесу мен біреу арқылы хабарласу, ойдың дәл немесе жазбаа түрде берілуі, ой мазмұны және ақпараттың, сөз шығармашылығының әр түрлілігі сияқты мәселелермен айқындалады. Айтушының тарапынан айтылған сөздің ақпараттық, мазмұндық мәні сөз этикаларының араласуымен прагматикалық әрі стилистикалық ықпалын күшейтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет