Сөз экологиясы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,54 Kb.
#87253
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЗ ЭКОЛОГИЯСЫ

Тілдік саясат дегеніміз – белгілі мемлекет немесе коғамдағы тілдік мəселелерді шешудің практикалық шаралары мен идеологиялық ұстанымдарының жиынтығы. Тіл саясаты кейбір мемлекеттердің ғылыми əдебиеттерінде «тілдік жоспарлау» деп аталынады. Қазақстан халықтары Ассамблеясында Н.Назарбаев: «қоғамда біздің тіл саясатымыздың мəнін тереңірек жəне дəлірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі», – деген еді. Тіл саясатының өзегі, яғни, орталық кіндігі болып табылатын тіл саясатын қазақ елі үлкен тарихи кезеңдермен өткізді. Сөз экологиясы мəселесінде тілдік орта ерекше маңызды рөл атқарады. Сондықтан тілдік орта қуатты құрал екеніне ерекше назар аударылуы керек. Олай болса, сөз экологиясының орталық кіндігі – тілдік орта. Тілдік орта халық тілінің өмір сүруінің қажеттілігін, əлеуметтік қызметінің сан-салалы қызметін атқарады. Тілдік ортаның болуы, тұрақтануы, өмір сүруі тіл саясатына тікелей қатысты, тіл саясаты тіл заңының күшімен толық орнығып отырады. Р.Сыздық тілдік орта жоқ болғанның өзінде де ана тілін ғана емес, басқа тілдік орта болмаса да туған тілге, ата-баба тіліне деген лингвоэкологиялық көзқарастың қуаттылығының арқасында қазақ тілін үйренгенін айтады. Қазір қазақ ұлт өкілдері əлемдік ресми тілдің қатарына жататын ағылшын, қытай, араб тілдерін тілдік орта болмастан үйренуге күш салып жатыр. Бұл сол тілге деген қажеттілік, орыс тілінің ықпалы жойылмаған жағдайда кез келген ұлт азаматының шынайы көзқарасына да байланысты. Былайша айтқанда, сөз экологиясын болдырмауға ең қажетті алғышарттар – тілдік орта мəселесі. Сөз мəдениетінің бүгінгі жай-күйі тілді таратушылардың сөз тəртібін меңгеруі мен пайдалануы қандай дəрежеде екенін анықтау үшін тілдік орта деп аталатын іргелі категорияны жан-жақты анықтау керек. Тілдік орта – экологиялық мəселелерді реттейтін, экологиялық проблемаларын тудыратын сапалы топ. Тілдік ортаның өте маңызды іргелі ұғым екенін толық тану, бағамдау жеке тілдік тұлғаны анықтау арқылы көрінеді. Тілдік ортаны шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарауға болады. Тілдік орта – жанұя, балабақша, мектеп, өскен орта, қарым-қатынас аясы, қызмет орны, т.б. Тілдік ортада ана тілінде сөйлеп, жазып, тілдің коммуникативтік, əлеуметтік жəне эстетикалық қызмет таратушылар тобын қалыптастыру мен оның өмір сүруінің жағдайын жасау мемлекеттік іс деп тану керек.
Сөз экологиясының қарастыратын тағы бір ерекше саласы бар. Бұл сала

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет