ТАФТТ қадамдардың бірізділігін бақылаңыз: Т-тезис; А-аргумент; Ф-факті; Т-талдау; Т-тұжырым. 2 дәлел деп отырғанымыз: аргумент пен факті, ал олар: Егер ғылым болмаса, адамзаттың жағдайы қандай болар еді? Ерте заманда, суықтан,
аштықтан және жыртқыш аңдардың шабуылдарынан қорғану үшін, адамдар әртүрлі
амалдар іздей бастады. Осылайша, дүниеге ғылым келді. Ғылым – әлеуметтік прогресстің қуатты қозғалтқышы. Біз оның арқасында өмірімізді ұзартуға, денсаулығымызды
нығайтуға, түрлі ауруларды емдеуге, қоғамды сумен және тамақпен қамтамасыз етуге
мүмкіндік аламыз. Қоғамды ақпараттандыру жоғары деңгейге жетті, кез-келген
ақпаратты ғаламтордан табуға мүмкіндік бар. Компьютер мен ұялы телефондар
үйреншікті жағдайға айналды.
Ғылым біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қоғамның дамуы, ғылымның
дамуымен тығыз байланысты. Олар әрқашан бірге жүреді. Әр адам оған өз үлесін қоса
алады. Мен ғылымның соңғы жетістіктеріне қуанамын және мүмкіндігінше көп ашулар
болғанын армандаймын.
Әрине, оның барлық жетістіктері біз үшін пайда әкелген жоқ. Менің ойымша, атом
бомбасын ойлап табу – адамзаттың ең үлкен қателігі. Сондықтан, ғылыми білімді тек
жақсы ниетпен пайдалану керектігін әрқайсымыз түсінуіміз керек.
Дәйек ретіндегі бекітілімдер
Дәйек ретіндегі бекітілімдер
Сізге мәлім болғандай, біз өз ойымызды сөйлем түрінде қалыптастырамыз. Сөйлем грамматикалық тұрғыдан ұйымдасқан сөзді көрсететін тілдік бірлік болып табылады. Сөйлемді бекітіліммен шатастыруға болмайды. Бір сөйлемде бірнеше бекітілім болуы мүмкін. Мысалдар қарастырсақ: .
2-ші мысал: Айзада үйде отырғандықтан теледидар қарайды.
Берілген сөйлемде екі бірдей бекітілім бар: 1) Айзада үйде отырады және 2) Ол теледидар қарайды. Бірінші бекітілім, «Айзада үйде отырғандықтан», екінші бекітілімнің, «ол теледидар қарайды»-ның жасалуына негіз болатын себеп қызметін атқарады.