Сөз тіркесіне қарай талдау



бет6/8
Дата25.03.2023
өлшемі30,77 Kb.
#173022
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
талдау

3. Қолына алды
І. Синткасистік қатынас – толықтауыштық
ІІ. Байланысу тәсілі – қосымша арқылы (барыс септігінің жалғауы)
ІІІ.Байланысу түрі – меңгеру
ІҮ.Құрлысы – жай
бағ. бас.


4. Біресе қабағын шытып, біресе күрсініп алды
І. Синткасистік қатынас – пысықтауыштық
ІІ. Байланысу тәсілі – орын тәртібі
ІІІ. Байланысу түрі – қабысу
ІҮ. Құрлысы – күрделі
Талдаудың бұл түрі аяқталған соң, келесі кезеңіне өтеміз.
Сөйлемнің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін айқындау синтаксистік талдаудың үшінші кезеңі сөйлемнің құрылымдық мағыналық ерекшеліктерін айқындауға бағытталады. Бұл кезең басты төрт саты бойынша жүргізіледі. Бастапқы сөйлемге талдау жасап көрейік:

Абай біресе қабағын шытып, біресе күрсініп тымағын қолына алды.
І. 1.1. айтылу сазы – хабарлы
1.2 айтылу мақсаты – хабарлау
ІІ. 2.1 орындалу нәтижесі – болымды
2.2 уақытқа қатысы – ашық рай, өйткені баяндауышы жедел өткен шақта тұр.
ІІІ. Құрамына қарай – жай сөйлем.
ІҮ. Құрлысына қарай:
Жайылма – тұрлаусыз мүшелері бар;
Толымды – жасырып тұрған мүше жоқ;
Жақты – бастауышы бар, баяндауыш бастауышпен ІІІ жақта қиыса байланысқан.
Бірыңғай мүше – бар,бірыңғай пысықтауыш (біресе қабағын шытып, біресе күрсініп).
Айқындауыш мүше – жоқ.
Оқшау сөз – жоқ.
Ұсынылып отырған талдау әдістемесі өз жемесін берері анық. Жоғарыда айтылғандай үздіксіз жүргізілген жұмыс, оқушының теориялық алған білімін тереңдетіп, өздігімен талдау жұмысын орындауға жетелейді.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуінеқол жеткізу. Осы міндетті жүзеге асыру барысында бүгінгі педагогикада технология және инновация ұғымдары терең тамыр жаюда.
Әсіресе, тілді жүйелі түрде меңгерту үшін пән мұғалімдері жаңа технология әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуі қажет. Тіл сабақтарында жүргізілетін грамматикалық талдаулар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеттерін арттырып, шығармашылық ойлауға дағдыландырады.
Кешенді талдау – оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелей меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге машықтандыратын оқыту.
Бұл технология дидактиканың мынадай ұстанымдарына сүйенеді:
1. Тұлғалық құрылымға бағдарлануына қарай – өзін-өзі дамыту.
2. Қолдану деңгейіне қарай – жеке пәндік.
3. Ұйымдастыру формасына қарай – сыныптық-сабақтық, топтық, ұжымдық оқыту амалы.
4. Балаға қатынас амалына қарай – тұлғаға бағдарланған, ынтымақтастық педагогикасы, еркін тәрбие.
5. Басымдық танытатын әдісіне қарай – дамыта оқыту, ізденушілік, өздігінен дамыта оқыту, шығармашылық, диалогтық, ойындық.
Мәселені шешудегі өз әрекетім, нәтижелерім:
– әр тарауды аяқтағаннан кейін пысықтау сабақтарында қолдану;
– қолданбалы курс жүргізуде тиімді пайдалану;
– ҰБТ - ға дайындаудың негізгі көзі;
– қазақ тілі, әдебиет сабақтарында оқушы білімін жүйелеп, нақты меңгертуге ұмтылу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет