Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Ашық, қысаң дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ашық, қысаң дауыстылар туралы түсінік беру. Айтылу ерекшеліктерін ұғындыру. Сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін таныстыру.
Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, оқушының тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік: тіл қадірін сезіне білуге, сөз мағынасын терең түсінуге, дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, таблицалар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қайталау – оқу анасы. (үй тапсырмасын сұрау)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыс дегеніміз не?
3. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
4. Қазақтың төл дыбыстарын ата.
5. “Әліп би” сөзінің мағынасы қандай?
6. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
7. Жуан, жіңішке дауыстыларды ата.
ІІІ. Жаңа сабақ. (тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі.)
Дыбыстар: дауысты, дауыссыз
Дауысты дыбыстыр: тілдің қатысына қарай:
1) жуан: а, о, ы, ұ, у
2) жіңішке: ә, ө, і, ү, е, э, и, у
Жақтың қатысына қарай:
1) ашық: а, ә ,о, ө, е, э
2) қысаң: ы, і, и, у, ұ, ү
Ерін мен езудің қатысына қарай:
1) еріндік: о, ө, ұ, ү, у
2) езулік: ә, е, і, а, и, э, ы
ІУ. Кітап- досың , ақылшың. (оқулықпен жұмыс)
244 – жаттығу. Мәтінді оқып, ашық дауысты дыбыстарды табыңдар.
245 – жаттығу. Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?
246 – жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек,
қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
У. Мақал – сөздің мәйегі. 1. Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын мақалдар айтыңдар.
2. Жалғасын тап.
Көп жасаған білмейді, ……………. көп көрген біледі
Біреуге ор қазба, ………………..өзің түсетсің
Кітап – ………………………білім бұлағы
Отан үшін отқа……………….түс, күймейсің
УІ. Адасқан әріптер
і, м, б, л, і білім
к, р, е, м, т, е,е, керемет
к, т, е, м, е, т, е текемет
с, ұ, з, а, т ұстаз
ғ, м, л, ы, а ғалым
ә, і, п, р әріп
о, у, ш, қ, ы оқушы
УІІ. Біліміңді байқап көр. Шығармашылық жұмыс. «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына эссе жазу. (видео көрсетіледі)
УІІІ. Білімді мыңды жығар. Фонетикалық талдау.
Мыс: Оқжетпес – Көкшетаудағы ең әдемі тау
ІХ. «Жүйріктен жүйрік озар…» үш қатарға тапсырмалар беріледі.
1 қатар: Ассонансқа мысал кетіріңдер
2қатар: Метаграмма құрастырыңдар
3 қатар. Сөзден сөз тудырыңдар
Х. Жаңылдырсаң да жаңылмаймын. «Домино» ойыны арқылы жаңылтпаш беріледі. Дұрыс құрастыру керек. «Есет атам ет асатар, ет асатса бес
асатар.»
ХІ. Тест тапсырмасы
1. Қазіргі әліпбиімізде қанша әріп бар?
А) 10 Ә) 41 Б) 42
2. Қазақ әліпбиіне тән дыбыстардың саны қанша?
А) 7 Ә) 12 Б) 9
3. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
А) синтаксис Ә) фонетика Б) лексика
4. Дауысты дыбыстарды тап.
А) а, ә, ө, о Ә) б, ж, л, р Б) қ, ғ, м, н, ң
5. Жуан дауысты дыбыстарды ажырат
А) а, ә, б, в, ң Ә) й, п, а, о, м, л Б) а, о, ұ, ы
6. Ашық дауысты дыбысты тап.
А) а, ө, у, ү, ұ Ә) а, ә, о, ө, е, э Б) ұ, ү, ы, і, и
7. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап.
А) а, ө, у, ү, ұ Ә) а, ә, о, ө, е, э Б) і, и, е, э, ү
8. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсет.
А) о, ө, ұ, ү Ә) ы, і, и, у, ұ Б) қ, к, с, з, д
9. Қосарлы дыбыстар қандай дыбыстар?
А) а, ө, у, ү, ұ Ә) а, ә, о, ө, е, э Б) ұ, э, я
10. Қазақ тілінде дыбыс саны қанша?
А) 32 Ә)28 Б)37
ХІІ. Семантикалық карта. 12 дауысты дыбысты өз тобына орналастыру керек.
ХІІІ. Үйге тапсырма.
1. ереже жаттау.
2. өтірік өлеңдер табу немесе шығару және солардан ашық, қысаң дауыстыларды тауып келу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |