|
Созылмалы гастриттің этиологиясы
|
бет | 1/5 | Дата | 09.03.2023 | өлшемі | 7,32 Mb. | | #171548 |
| Байланысты: ас қорыту жүйесінің аурулары Республикалық жоғары медицина колледжі Асқорыту жүйесінің патологиясы
«Жалпы медициналық пәндер» ЦӘК оқытушысы
Нурумбетова С.М.
Асқорыту жүйесінің патологиясына жатады: - Гастриттер
- Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы
- Гепатиттер
Гастрит - Гастрит (гр.gaster –асқазан )-асқазанның кілегейлі қабықшасының қабынуы.
- Ол жедел және созылмалы ағымды болады.
- Гастрит- полиэтиологиялық ауру.
- Себептері:
- • хеликобактерлік инфекция (95%)
- • аутоиммундық фактор (15-18%)
- • дуоденогастральдік рефлюкс;
- • ұзақ қолданған дәрілердің әсері, стероидтық емес қабынуға қарсы, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрілердің т.б.
Гастрит жедел және созылмалы түрде өтеді Асқазан кілегейлі қабықшасының морфологиялық өзгерісіне қарай: - қатарлы (жай)
- фибринді
- іріңді (флегмоналы)
- некрозды (корроззиялы) түрлері жіктеледі.
Жедел гастриттің этиологиясы мен патогенезі - Жедел гастрит асқазанның кілегейлі қабықшасына ерекше тітіркендіргіштер әсер еткенде дамиды.Бұлар:
- артық ішілген ас
- суық немесе тым ыстық тағамдар
- алкогольді ішімдіктер,
- салицилаттар, сульфаниламиндер, кортикостероидтар, биомицин, дигиталис сияқты дәрі-дәрмектер
- Микробтар мен олардың токсиндері
Созылмалы гастриттің этиологиясы - Созылмалы гастрит көбінесе асқазанның кілегейлі қабықшасына экзогендік факторлар әсер еткендіктен дамиды. Бұлар:
- мезгілсіз әрі ретсіз тамақтану
- алкоголь
- химиялық заттардың әсері
- аутоинфекция (Campylobacter pyloridis)
- созылмалы аутоинтоксикация
- нейроэндокриндік өзгерістер
Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы - Жара ауруы – созылмалы рецидивті ауру, негізгі белгісі асқазан мен 12 елі ішек қабатында жараның түзілуі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|