Созылмалы панкреатит


Пневмококкты пневмония. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Клиникасы. Пневмонияның клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы, емі. Болжамы. Алдын алуы



бет18/37
Дата18.12.2022
өлшемі339,98 Kb.
#163177
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
АААААААААААААААААААААААА
Акушер-гинекол тезисы
Пневмококкты пневмония. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Клиникасы. Пневмонияның клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы, емі. Болжамы. Алдын алуы.

Пневмония- патологиялық процеске өкпенің респираторлық бөлігі басым қатысатын және альвеола ішінде міндетті түрде қабыну экссудаты болатын, этиологиясына, патогенезіне және морфологиялық сипаттамасына қарағанда өкпенің әр түрлі жедел ошақты инфекциялы қабынуы.
Этиологиясы: 30-40% жағдай пневмококктық, 30% әлі белгісіз.
Патогенез:Өкпенің респираторлық бөліктеріне инфекция көбіне бронхогендік жолмен енеді. Инфекцияның бронхогендік жол арқылы тарауына тыныс жолдарының кілегей қабығының қорғаныс механизмдерінің әлсіреуі (кірпікшелі эпителий қызметінің бұзылуы, мукоцилиарлық клиренстің төмендеуі, микроб элиминациясының азаюы, вирустардың, химиялық заттардың бронх бұтасы эпителиін жарақаттауы, бронхтың дренаждық қызметінің бұзылуы, жөтел рефлексінің азаюы, альвеола макрофагтары мен нейтрофильдердің фагоцитоздық белсенділігінің төмендеуі) жағдай туғызады.
Өкпедегі қабыну процесінің ерекшеліктері қоздырғыштың сипатына байланысты болады. Эндотоксин түзетін микроорганизмдер (пневмококктер, гемофильді таяқшалар) альвеола – капилляр мембранасын улы зақымдайды, тамыр қабырғасының өткізгіштігін күшейтеді және ісіну сұйықтығының шамадан тыс өндірілуін тудырады. Пневмококктік пневмонияда пневмококктер ісінудің шет жағында орналасады, жанасу жолымен көрші бөліктерге тарайды, осының нәтижесінде қабыну процесі аумақты аудандарды (түгел өкпе бөлігін немесе бірнеше бөлікті) қамтиды. Тіндерге өте көп мөлшерде плазма белоктары, фибриноген, эритроциттер шығады, зақымдалған бөліктің сыртын фибрин жабады.
Классификациясы (В.П. Сельвестров 1987жыл)

  1. Этиологиясына байланысты: бактериялық, микоплазмалық, вирустық, саңырауқұлақтық, аралас.

  2. Клинико-морофологиялық белгілеріне байланысты: Паренхиматозды (бөліктік, крупозды); ошақты; интерстициальды (аралық).

  3. Ағымына қарай: жедел, созылыңқы.

  4. Таларуына қарай: оң жақ өкпе; сол жақ өкпе; екі жақты; бөліктік, сегменттік.

  5. Функциональдық бұзылысына байланысты: Функциональдық бұзылыс бар, функциональдық бұзылыс жоқ.

  6. Асқынуына байланысты: Экссудатты плеврит, абсцесс, инфекция-токсикалық шок, миокардит. т.б.

  7. Пневмония дамуна және иммунологиялық статусына байланысты: Ауруханадан тыс; нозокомиалық; аспирациялық; иммунитет жетіспеушілігіндегі пневмония.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет