Созылмалы панкреатит


Еңбекке уақытша жарамсыздықтың



бет3/37
Дата18.12.2022
өлшемі339,98 Kb.
#163177
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
АААААААААААААААААААААААА

Еңбекке уақытша жарамсыздықтың орташа мерзімдері. Жеңіл даму барысының қайталауында 10-14 күн, орта ауыртпалықты түрінің қайталауында – 18-30 күн (стационарда 3 аптаға жуық), ауыр даму барысының қайталауында – 6-8 апта. Ремиссия кезінде науқас адамдарды сәйкес жұмысқа орналастыру керек. Ауыр дене қызметімен, вибрациямен байланысты қызметпен және гастротропты улармен байланысты қызметтермен шұғылдануға болмайды.
Диспансерлеу. СП ауыратын науқастарда диспансерлік есепке алу керек. Тексеріп қарау жиілігі: аурудың жеңіл дәрежесінде жылына 2 рет, орташа ауыртпалықты дәрежеде 3 рет, аурудың ауыр дәрежесінде – жылына 4-6 рет.



  1. Семіздік. Метаболикалық синдром, анықтамасы. Қауіп факторлары. Диагностикасы. Амбулаторлық жағдайдағы медикаментозды емес және медикаментозды коррекция принциптері. Алдын алуы.

Метаболикалық синдром- висцеральдық май массасының артуы, перифериялық тіндердің инсулинге сезімталдығының төмендеуі және компенсаторлы гиперинсулинемия, бұл өзгерістер көмірсу, май, пурин алмасуының бұзылысын, сонымен қатар артериальды гипертензияны тудырады.
Метаболикалық синдромды анықтауда қауіпті топтарға-аурудың бастапқы белгілері мен асқынуы бар науқастар жатады:

  • Артериальды гипертония

  • Қант диабеті, 2тип (немесе диабет алды,предиабет)

  • ЖИА, атеросклерозбен байланысты перифериялық қантамырларының аурулары, цереброваскулярық аурулар

  • Гиперлипедемиясы, семіздігі, қант диабеті немесе ЖИА-ы бар жақын тумаластар

  • Аз қозғалысты өмір салты

  • Поликистозды анабезі синдромы

  • Эректильді дисфункция

  • Зәр қышқылы алмасуының бұзылысы(гиперурикемия немесе подагра)

  • Әйелдердегі менопаузалық кезең


Семіздік – созылмалы, рецидивті ауру, ағзадағы майлы тіннің артық шоғырлануы. Генетикалық факторлар мен қоршаған орта факторларының әсерінен дамып келе жатқан бұл күрделі мультифакторлық ауру.
Клиникалық тәжірибеде семіздік дене салмағының индексі (ДСИ) арқылы бағаланады. ДСИ килограммдағы дене салмағын шаршы метрдегі бойдың ұзындығына бөлу жолымен есептеледі
• салмағы 19 кг / м2 дейін - салмақ тапшылығы;
• 19-24,9 кг / м2 - қалыпты салмақ;
• 25-29.9 кг / м2 - артық салмақ;
• 30 кг / м 2 және одан жоғары - семіздік.
ДСИ> 30 болған кезде өлім қаупі айтарлықтай артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет