Созылмалы пиелонефрит – бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі. Пиелонефрит – кең тараған аурулардың бірі, ДДҰ мәліметтері бойынша оның кездесу жиілігі жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялық ауруларынан кейін екінші орында, ал бүйрек ауруларының арасында – бірінші орында. Статистика бойынша әр он адамның біреуі пиелонефриттен зардап шегеді. Пиелонефрит – нефрогенді гипертензияның және бүйректің созылмалы шамасыздығының басты себебінің бірі. Латентті ағымға бейімділігінен 20-25% пиелонефрит алғаш рет аутопсияда анықталады. Созылмалы пиелонефрит көбіне жедел пиелонефриттің салдарынан дамиды.
Бүйректегі ең көп таралған аурулардың арасында сарапшылар созылмалы пиелонефритті ерекшелеп айтады. Бүйректің осындай қабыну ауруларының дамуынан қазіргі заманда ешбір адам сақтандырылмаған.
Бұл ауру кезінде бүйрек тінінде қабыну белсенді болады. Оған бүйректің табақшалы-тостағанша жүйесін құрайтын органдар жатады, ол зәрді жинақтап оны ары қарай сыртқа шығаруды қамтамасыз етеді. Көптеген адамдар мұндай аурумен ауыратындарын күтпеген жерден біледі. Несептің бір бөлігін зертханалық зерттеу нәтижесі нашар шыұұанда немесе денсаулықтың жалпы нашарлауы кезінде осы диагнозды қояды.
Ұзақ уақыт бойы пиелонефриттің созылмалы көрінісі елеулі айқын белгілерсіз пайда болады. Бұл көптеген адамдардың дер кезінде ауруды анықтауына кедергі келтіреді.
Алғы шарттары
Бүйрек инфекциясы жасырын тәртіпте жүреді және тек ауыр жағдайларда ғана сезіледі. Бұрын, балалық немесе жасөспірімдік шақта болған жіті жұқпалы аурулардың салдары, ықтималдығы жоғары дәрежеде бірнеше рет қайта басталуы мүмкін. Бұл зәр шығару жолында патологиялық сипаттағы процестер белсенді болған кезде орын алады.
Мынадай жағдайларда айқын байқалады:
Адам ағзасына түсетін және тұтынылатын дәрумендердің арасындағы теңгерімсіздіктің пайда болуында;
Үнемі суықта жүргенде;
Иммундық қорғаныстың айтарлықтай төмендеуінде;
Шамадан тыс шаршау немесе әлсіреу кезінде;
Ағзада табиғи ошақталған инфекциялық аурулардың дамуында;
Бұрынғы қабыну ауруларының аяғына дейін емделмеген формаларында.
Пиелонефрит бактериялар арқылы туындайды. Өмірдің алғашқы жылдары пиелонефрит обструктивті уропатия кезінде туындауы мүмкін. Осындай кезде несеп жолдары бітеліп қалады.
Ерлер үшін гормондық өзгерістер өте қауіпті. Көбінесе ауру простата аденомасының аясында дамып отырады. Әйелдерде бұл ауру ағзаның белгілі бір ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Бұл жерде несеп шығару жолдарының ұзындығы туралы айтылып отыр. Тік ішек пен қынапшадағы микроағзалардың несеп жолдарының сыртқы бөлігіне тұрақты кіруімен сипатталады. Аурудың белсенділігі нәзік жандылардың аяғы ауыр кезінде артады. Бұл кезеңді ағзаның күрт гормоналды өзгеруімен байланысты иммунитеттің бұрынғы деңгейінің табиғилығын жоғалтуымен сипатталады. Бұл жатырдың ұрық антигендерін қабылдамауы үшін қажет. Себебі бала көтеріп жүрген кезде қауіпті микроағзалармен дұрыс күресу мүмкін емес, патология тез және сөзсіз жылдам дамиды.
Пиелонефрит тез созылмалы түрде айналады. Бұл науқастардың көпшілігі анықталған симптоматикалық белгілерді байқамайтындықтан, аурудың қауіптілігін бағаламайтындықтан немесе ауруға дұрыс көңіл бөлмейтіндіктен орын алады.