Сөзжасам тізбектері
[ скачать ]
ПОЛУЧИТЬ ПАРОЛЬ К АРХИВУ
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім.
1. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер.
2. Жасалу жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән ретінде оқытылып келеді.
Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем оқытылмады деуге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді. Бірақ, морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді де, окытылмады.
Сөзжасам шетел тіл білімінде, орыс тіл білімінде тіл білімінің жеке саласы ретінде басқа салалардан кеш танылғанымен, қазақ тіл білімімен салыстырғанда, оларда жиырма шақты жыл бұрын танылды. Оқу жоспарына да пән ретінде бізден ертерек қосылды. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы 1989 жылға жатады. 1989 жылы шыққан «Казіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда сөзжасам казақ тіл білімінің жеке саласы деп дәлелденді.
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б. толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді, яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі казақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік кұбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы зандылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |