- Қазақ тілді газеттерді тек тілді, тарихты, салт-дәстүрді ғана жазатын, соның жоқшысы
ретінде қарайтын қалыптасқан ұғым бар. Осы мемлекетке ат беріп отырған қазақ ұлтының
кешегісі, бүгіні, ертеңі, салт-санасы, тарихы, ұлтқа қатысты кез келген жаңалық біз үшін әр
кез маңызды деп айтар едім. Тағы бір жайт – уақыт қазақ тілді аудиторияның үстемдік
алуына мүмкіндік беріп келе жатыр. Әрине, бір уақытта беделді газеттердің біржолата сайтқа
айналып кеткен үрдістері де болды. Дегенмен негізгі айтатын жағдай – қазақ тілді буынның
әртүрлі саладағы көрсеткіші қазақ ұлтының пайдасына шешіліп жатқанын айғақтайды. Біз
дәнекер болып қана отырмыз. Бұл жетістік – өсіп келе жатқан тәуелсіз ұрпақтың тегеуріні
деп айтар едім, – деді бірінші болып сөз алған Нұртөре Жүсіп.