СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ САЛАСЫ РЕТІНДЕ ТҮСІНДІРУ
Спорт психологиясының психология ғылымына еңуі
Cпорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады. Спорт психологиясы психология ғылымының өте жас қолданбалы саласына жатады. «Спорт психологиясы» түсінігі қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаған Пьер де Кубертеннің мақалаларында алғаш кездескен. 1913 жылы Пьер де Кубертеннің ұйымдастыруымен Лозаннадағы Халықаралық олимпиадалық комитетте өткен спорт психологиясы бойынша арнайы конгрессте ол жеке сала ретінде бөлініп шықты. Осы конгресстен кейін спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады.
Спорттық іс әрекеттің спортсмен психикасына әсерін зерттеу.
- жарыстың психологиялық талдауы;
- жарыстың спортсменге әсер етуінің сипатын анықтау;
- жарыстың спортсменнің психикасына қоятын талаптарын анықтау;
- жарысты сәтті өткізу үшін қажетті адамгершілік, еріктік және басқа психологиялық сапалардың жиынтығын анықтау;
- жаттықтыру әрекеті жағдайына психологиялық анализ жасау;
Спорттық жаттығулардың тиімділігін арттыру үшін психологиялық жағдайларды жетілдіру. Спорт психологиясы спорттық шеберліктің жетілуінің механизмдері мен заңдылықтарын қарастырады.
Бұның бәрі психологтан келесі жағдайларды талап етеді:
а) спорттық жаттығулардың әдістәсілдерін психологиялық негіздеу;
б) психикалық функцияны дамыту арқылы және жаттығудың аппараттық әдісін жасау арқылы спортсмен ағзасының барлық мүмкіндіктерін максималды қолдана алу үшін жолдарды қарастыру;
в) спорттың жеке түрлерін психологиялық сипаттау әдісін, әлеуметтік құрылым және спорттық команданың психологиялық ахуалын, спорттық мүмкіндіктерді психодиогностикалау әдісін өңдеу;
а) жарыс жағдайында
психика қызметінің
заңдылықтарын зерттеу және
жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;
б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;
в) психопрофилактиканы дамыту, спортсменді шынықтырудың психо-логиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.
Сондай – ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс – тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:
ҚОРЫТЫНДЫ
Спорт психологиясы спорт жайлы ғылымдар ретінде физикалық тәрбиелеу теориясы мен методикасымен, спорт гигиенасымен, спорт медицинасымен, спорт биомеханикасымен, кинезиологиямен, спорт метрологиясымен тығыз байланысты. Сонымен қатар спорт психологиясы математиканың, статистиканың, кибернетиканың, электрониканың, модельдеудің әдіс–тәсілдерін қолданады. Спорт әлеуметтік құбылыс сияқты және адам әрекетінің ерекше түрі ретінде көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Олардың барлығы, сонымен қатар психология спорттық әрекетті өзінің негізгі міндеттері, өзінің әдіснамалық ұстанымын зерттейді. Адам әрекетінің, сонымен қатар, спорттың кез келген міндетіне психологиялық компонентке тән, сондықтан психика жұмысын нәтижелі ететін психология.
Әдебиеттер:
1. Жалпы психология. В.В.Богословский, А.Г.Ковалев т.б. редакциясымен. А., 1980
2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.
3. Жарықбаев Қ.Б. Жан тану негіздері Алматы.,2002.
4. Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі А., 1995
5. Жұмабаев М. Педагогика А., 1992