СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері: Сурдолимпиялық ойындарда 4-6 орынға ие болу;
Әлем чемпионатында 2-3 орынға ие болу;
Азия ойындарында 1-2 орынға ие болу;
Азиялық – Тынық мұхит ойындарында 1-2 орынға ие болу;
Азия чемпионатында 1 орынға ие болу.
Қазақстан Республикасының спорт шебері: Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 орынға ие болу;
СШҮ, I, II, III и I, II жасөспірімдер разрядтарында жарыс дәрежесі мен қашықтық сыныбына сәйкес разрядтық нормаларды орындаулары тиіс.
ІІІ жасөспірімдер разряды – бір жылдың ішінде бақылау уақытына сыйғызып, кез келген деңгейдегі жарыста қашықтықты 3 рет аяқтауы керек (таңбалау – ең үлкен айыппұлдан 50 %-дан аспайды).
Разрядтық талаптарды орындау шарттары: 1. Атақтар мен разрядтар жарыстарда қашықтықты кемінде 10 спортшы аяқтаса, эстафетада жас ерекшеліктеріне қарай аталған топта кемінде 5 команда аяқтаса беріледі.
2. Таңдауы бойынша болған жарыстарда І разрядтан аспайтын разрядтар беріледі.
3. Жасөспірімдер разряды 15 жасқа дейін беріледі.
4. Жарыстарда жас ерекшеліктеріне қарай бір топтың қатысушылары спорттық біліктіліктері немесе нәтижелері бойынша кіші топтарға бөлінетін болса, СШ разрядтық талаптары тек жоғары тұрған кіші топта орындалады.
Ескерту. 1. Жеке жарыстардың дәрежесі алғашқы ондыққа ілінген спортшылардың ұпай сомасымен анықталады.
2. Эстафетада дәрежені анықтау үшін 2 немесе 3 кезеңдік эстафетада алғашқы 6 орынға және 4 кезеңдік эстафетада алғашқы 3. орынға ие болған командалардың орташа ұпай сомасымен есептеледі. Әрбір команданың орташа ұпайы команда қатысушыларының ұпай сомасын олардың санына бөлу арқылы анықталады.
4. Қашықтық сыныптары жарыс ережелеріне сәйкес анықталады.