25-бап - Допингке қарсы зерттеулердің сипаты 24-бапта көрсетілген допингке қарсы зерттеулер жүргізуге жәрдемдесу кезінде қатысушы мемлекеттер осы зерттеулердің мына жағдайда:
(а) халықаралық деңгейде танылған әдеп практикасына сәйкес;
(b) спортшыларға тыйым салынған субстанциялар егуді және тыйым салынған әдістерді қолдануды болдырмай отырып;
(с) допингке қарсы зерттеулер мен оларды допингтік мақсатта пайдалану нәтижесін заңсыз қолдануды болдырмау мақсатында тек тиісті дәрежедегі сақтық шараларын сақтай отырып жүргізілуін қамтамасыз етеді.