Sql сұраныстардың құрылымдалған тілі туралы жалпы түсінік



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#95877
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
SQL сұраныстар


SQL сұраныстардың құрылымдалған


тілі туралы жалпы түсінік.

Біз сұраныстарды құрастырушы арқылы орындалатын əр түрлі сұраныстардың технологияларын қарастырдық. Дегенмен, кез-келген сұранысты орындау SQL бағдарламасы арқылы жүзеге асыралады, ол құрастыру барысында автоматты түрде жасалынады. Бұл бағдарламаның мəнін түсіну үшін Конструктор емес SQL режимінде сұранысты қарасақ болғаны.


Мысал ретінде нəтижелер жəне ставка бойынша есептеу өрістері бар оқытушының жүктемесін құрылымдауға сұранысты қарастырайық (7.13 сурет). 7.13 а суретте сұраныстың АТƏ өрісінің мағынасы бойынша деректерді іріктеу шарты бар бөлігі көрсетілген, ал 7.13, б суретінде – есептеу өрістері бар сұраныс бөлігі.


Егер бұл сұранысты SQL режимінде қарастырсақ, сұраныс құрастырушысының терезесінде -бағдарламаның мəтіні (7.14 сурет) пайда болады.




а


б

7.13. сурет. Сұрыптауға берілген сұраныстың екі үзіндісі (а,б)


7.14 сурет. SQL тəртіптемесіндегі құрастырушы терезесі

SELECT нұсқауы (оператор) тілдің ядросы болып табылады. ДҚ кестесінен өрістерді таңдау үшін қолданылады. Аталған мысалда сұранысқа енгізілген Жүктеме кестесінің барлық өрістері көрсетілген (7.6. сурет).


FROM ұсынысы нұсқаудың бір бөлігі болып табылады жəне сұраныстың деректер көзін анықтау үшін қолданылады.


WHERE ұсынысы сұраныс орындауда деректерді іріктеу шарттарын бекітеді. Аталған сөйлемде деректерді іріктеу шарты АТƏ өрісінің мəні болып табылады, ол Нагрузка кафедры формасының ПолеСоСпискомО енгізілген.


Жалпы түрде SELECT нұсқауының синтаксисін келесідей сипаттауға болады:


SELECT [ALL] (кестенің немесе сұраныстың өрістерінің тізімі); FROM (сұраныс құрастыруда негіз болатын кестелер мен


сұраныстардың тізімі);
WHERE (деректерді іріктеу шарттары);

GROUP BY (сұранысты орындау нəтижелеріне енгізілетін өрістердің саны);


HAVING (сұраныстағы деректерді топтастыру шарттары); ORDER BY (сұраныста деректердің шығарылуы реттелетін


өрістер саны).

Қарастырылатын құрылымнамада SELECT шарттары:


ALL — кілт сөз, оның мағынасы – нəтижеленетін жазбалардың жинағына сұраныстың шарттарын қанағаттандыратын кестенің немесе сұраныстың барлық жазбалары енгізіледі;


DISTINCT — нəтижеленетін жазбалардың жинағына кестенің немесе сұраныстың қайталанатын жазбалары енгізілмейтінін білдіретін негізгі сөз.


7.2 кесте













Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет