Сұрақ/жауап Сейіл Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесін зерделеңіз Жауап



Дата06.02.2022
өлшемі13,74 Kb.
#80374
Байланысты:
Аяулым 15


Сұрақ/жауап

1.Сейіл Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесін зерделеңіз….

Жауап:Қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнәнәң арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың бірі - Сейіл Жиенбаев. Ол 1896 жылы Орынбор облысының Бөрте ауданында 1 – мамыр күні дүниеге келіп, 1945 жылы қайтыс болған. 1910-1912 жылдары екі жылдық Бөрте училищесін, 1928 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1916-1922 жылдары Орынборда, Шымкентте мұғалім болып қызмет істейді. 1931-1935, сондай-ақ , 1937-1939 жылдары Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылық институтында оқытушы болады.
С. Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы»,«Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбекер жазған.
Пәнді оқыту әдістемесіне байланысты еңбектерінің негізгі ойтолғамдары автордың 1946 жылы жарық көрген « Қазақ тілі методикасы» атты еңбегінде баяндалады. Грамматиканы оқытудың жалпы әдістерін талдауды мақсат еткен бұл еңбек қазақ тілінің грамматикалық жүйесін оқытуды ғылыми негізде талдаған алғашқы еңбектердің бірі еді. Оқытудың жалпы әдістерін, негізгі ұстанымдарын көрсете отырып, оны нақты матриалдар негізінде түсіндіреді.


3. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектерін атап өтіңіз…

Жауап:Жиенбаев Сейіл – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы»,«Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбекер жазған.

4.Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектері…..

Жауап:Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Г. Қожантаевпен Е. Табынбаевпен бірігіп жазған «Үлкендер үшін әліппе» 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. XX ғасырдың 20-жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітады», 1932 жылы Қ. Оспанұлымен бірге «Екпінді күш. 1-класс үшін әліппе кітабы», 1933 жылы А. Әлібайұлы, М. Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-кластары үшін/» атты оқу құралдары басылады.
Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп, ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелерімен де айналысады.

5. Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» деген кітабы қай жылы шықты?

Жауап:1956 жылы Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» деген кітабы шықты. Бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесін дамытуда өзіндік үлесі болғаны анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет