Сүйек кемігінің атқаратын қызметі.
Сүйек майы — қан және сүйек құрайтын ағза.
Сүйектің кемік қуыстарына орналасқан. Иммунды жауапқа, эритроциттердің ыдырауына, темір қалдықтарын қайта іске асыруға, гемоглобин түзуге қатынасады және қосалқы липидтер жинайтын жер. Сүйек майы қызыл және сары болып бөлінеді. Кы- зылы (миелоидты) қан құрайды. Онда эритроциттер, гранулоциттер, лимфоциттер, моноциттер, тромбоциттер құралады. Сарысы май торшаларынан тұрады. Ол ешқандай қызмет атқармайды. Сүйек майы тканінде көптеген қан тамырлары және синусоидты капиллярлар бар. Ол мононуклеарлы фагоциттерге бай. Қызыл және сары cүйек майы ара қатынасы адам мен малдың жасына және түрлі факторлардың әсеріне байланысты әртүрлі болады. Сүйек майы салмағы: жаңа туған балада 40 г. (дене салмағының 1,4%), үлкен адамда 2600—3000 г. (дене салмағының 4,6%).
Достарыңызбен бөлісу: |