Сұрақтар мен тапсырмалар



Дата07.02.2022
өлшемі15,47 Kb.
#87143
Байланысты:
Документ (1) (1)


Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Тіл дамыту жұмыстарында қандай психологиялық ерекшеліктер ескеріледі?

  2. Тіл дамыту жұмыстарынада ескерілетін педагогикалық ұстанымдарға талдау жасаңыз.

  3. Тіл дамыту жұмыстарының сауат ашу кезеңдеріне байланысты ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Сауат ашу барысында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру тұсында ескеруге тиіс тағы бір психологиялық міндет – оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Естің адам өмірінде алатын орнын, балалардың таным үдерісінде атқаратын рөлін психолог ғалымдардың бәрі ерекше атап өткен. Естің және есте сақтау механизмінің физиологиялық және психикалық ерекшеліктері сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда мықтап ескерілуі қажет. Онсыз баланың сөйлеу (жазу) дағдысының орнықты, сөздік қорының мол болуы мүмкін емес.Мектепке жаңа келген баланың есте сақтау қабілетін дамыту ісінде Ж.Аймауытов осы мақсатқа қажетті төмендегідей шарттарды үнемі ескеріп отыруды талап етеді: 1. Түсіндірілген білімді немесе дағдыны балалар толық, дәл және айқын ұғынғанша қайталап пысықтау. 2. Меңгертілетін ұғымның балалар есінде қалатындай әсерлі болуы. Мысалы, оқушыларға жаңа сөздің мағынасын түсіндіру барысында оқыс оқиғаны, әдемі ойыншықты, әсерлі суретті т.б. пайдалану қажет. 3. Жаттау жұмыстары балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.

Сауат ашу барысында тіл дамыту жұмыстарына қатысты үшінші психологиялық ерекшелік – балалар психикасындағы ойлау машығын дамыту болып табылады. Сөздің өзі бейнелейтін заттан бөлектеніп, балалар санасында абстракцияланып, үйреншікті ұғымға айналу дағдысы балалар психикасында мектепке келмей тұрып та пайда болатыны белгілі. Алайда, мектеп өмірі, әсіресе, сауат ашу барысында осы дағдының қауырт жетілуін талап етеді. Оқушылар енді тек өздері бұрын көрген немесе бірнеше рет қайталанған үйреншікті ұғымдарды (заттарды,құбылыстарды, оқиғаларды т.б.) ғана сөз түрінде қабылдап қоймай, өздері бұрын көрмеген дүниелер мен қимылдардың атауларын, сапаларын т.б. білдіретін сөздерді оқуды және жазуды меңгеріп, естерінде сақтауға мәжбүр болады, әрі мұндай сөздер әр сабақ сайын кездеседі. Осы жағдайда, мұғалім оқушыларға жаңа сөздердің мағыналарын меңгерту барысында ол мағыналардың ұғым түрінде балалар психикасында абстракциялану механизмін жақсы білуі қажет. Атап айтқанда, жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы ұғындыру, бейнелеп көрсету немесе балалардың көз алдына елестейтіндейәсерлі түсіндіре білу әдістері мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді

Оқытудың зерттеу тақырыбымызға тікелей қатысты тағы бір маңызды ұстанымы – берілген білімді тәжірибемен байланыстыру ұстанымы. Сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстарына қатысты ерекшелік – үйретілетін жаңа сөздер де, берілетін тапсырмалар да, қолданылатын суреттер де балаларға мейлінше таныс, күнделікті өмірімен тығыз байланысты болуы қажет. Кез келген сөз мағынасын балалар өміріне, олардың бұрынғы ұғымына байланыстырып түсіндіргенде ғана оңай әрі берік қабылданады. Бұл тұста оқушылардың белсенділігі де арта түседі..Сондай-ақ сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында (әсіресе, әліппеден кейінгі кезеңде) оқушыларға өмірлік маңызы бар іс-қағаз түрлерін (бір-біріне хат, қолхат, өтініш, хабарландыру т.б.. жазу, тіпті, өлең мен шағын әңгіме жазу талпындыру) жаздырудың да әрі әсерлі болып, әрі балалардың белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Сонымен, сауат ашу кезеңіндегі жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жоғарыда айтылған психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық ұстанымдарын бастауыш сынып мұғалімдері үнемі есте ұстауы қажет.




  1. Әліппеге дейінгі кезең 1. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын байқау, бағалау. 2. Оларға сөйлем, сөз, дыбыс туралы алғашқы түсініктер беру. 3. Сөздік қорларын анықтау 4. Сөйлеу мәнеріндегі кемшіліктерді байқап, есепке алу. 2. Әліппе кезеңі 1. Нақтылы дыбыстарды оқытуды және жазуды меңгертуге байланысты күн ұшырасатын жаңа сөздердін мағыналарын түсіндіріп, олардың белсенді сөздік қорларына енуін қадағалау «сөздік жұмысы» 2. Тілдегі омонимдік, антонимдік, көп мағыналылық құбылыстар туралы алғашқы түсінік беру, олардың қолдану дағдыларын қалыптастыру



  1. Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. 5. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы т.б.) бірте-бірте жою бағытында жұмыстар жүргізілу т.б. 3. Әліппеден кейінгі кезең 1. Оқушылардың оқуға және жазуға үйрену барысында алған білімдеріне сүйеніп, олардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. 2. Жазба тілін дамытуға баса назар аудару. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге қол жеткізу. 3. Оқушылардың сөздік қорларының байып, сөздерді орынды қолдана білу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет