Әлеуметтанудың құрылымы:
Мазмұндық:
Эмпирикалық деңгей арнайы әдістерді пайдалана отырып, әлеуметтік өмірдегі шынайы фактілерді жинау мен талдауға арналған әлеуметтік зерттеулер жиынтығы.
Теориялық деңгей тұтас әлеуметтік жүйе мен оның элементтерінің даму үрдісін түсіндіруші көзқарастар, пікірлер, гипотезалар, пайымдаулар жиынтығы Методологиялық деңгей әлеуметтік білімнің қалыптасуы, жинақталуы мен қолданылуы негізіндегі қағидалар жүйесі.
Мақсаттық:
Іргелі әлеуметтану: Әлеуметтік шынайылықтың қалыптасуы жөніндегі білімнің, әлеуметтік даму үрдісін түсіну, сипаттау, түсіндіруге қатысты ғылыми мәселелерді шешеді.
Қолданбалы әлеуметтану: Шынайы тиімді әлеуметтік нәтижелерге жетуге бағытталған теориялық модельдер, әдістер, зерттеу тәсілдері, әлеуметтік технологиялар, бағдарламалар мен ұсыныстар жиынтығы.
Масштабты: Макроәлеуметтану(этностар, мемлекеттер, әлеуметтік институттар, топтар)
Микоәлеуметтану(тұлғааралық қатынастар, топтағы байланыстар үрдісі, күнделікті шынайылық саласы)
Жүйе дегеніміз біртүтастықты құрайтын элементтер мәні екені белгілі. Элементтер арасындағы тұрақты байланыстар қүрылым жасап, жүйе құрады. Ғылым білім жүйесі десек, ал оның элементтері, құрылымы - олардың арасындағы байланыс. Әлеуметтануда тұлға, кіші топ, қабат (отбасындағы, еңбек ұжымындағы т.б.), тап теориялары, қоғам мен әлемғұмыр қағидалары байланысты алынады. Кез келген топ, тап, қауым өз ерекшелігінг ие, әрі өзара бірігіп отырады, ал кейіпкерлері - жеке тұлғалар, керісінше, тұлға топты жаңа өмірге әкеле алады.
Ғылымға “әлеуметтану” деген түсінік XIX ғ. ортасында келді, оның негізін француз ғалымы Огюст Конт салды. Ол алғаш қоғамтану мағынасын білдірді, бірақ келе-келе ол философиядан бөлініп шықты. Өйткені XIX ғ. ортасындағы әлеуметтік даму жаңа құбылыстар мен әдістерді талап етті. Осы тұста адамның құқығы мен еркіндігі салтанат құра бастаған еді. Еркіндікпен бірге адам тәнті болды. Экономика, саясат, мораль салалары құқықтарын тиімді пайдалануға адам санасын оятты. Білімін пайдалана отырып, еркін бәсеке-лікке келді. Қоғамды терең, әрі нақты тануға көмектесуші осы әлеуметтану ғылымы болды. Әлеуметтану қоғамды таныды, қызмет субъектісі мен объектісін талдады, оларды жоғарғы деңгейде жүзеге асыра алды. Әлеуметтік білім қоры жинала келе теориялық әлеуметтік тұжырымдама қалыптасты. Ғылыми таным негізінде, әлеуметтану қоғамды ой елегіне салады, оған жалпылай да, шыншыл да, толыққанды да үрдіс береді. Әлеуметтік философия топырағынан шыққан әлеуметтану философиялық мәдениетті қабылдай отыра теориялық қорытынды жасап, әлеуметтік құбылыс түжырымына ден қояды. Бұл тұста әлеуметтік талдау арқылы философиядағы шектеліп қалған қағидаларды бүзып шығады. Өз ішінде мынандай ағымдарын қалыптастырады: оң пиғылдылық, яғни әлеуметтілікті табиғатпен бірге қарау, оң пиғылдылыққа қарсы пиғыл, яғни әлеуметтіліктің арнайылығына ерекше мән беру. Әлеуметтанудың ірі және шағын деңгейлері дегеніміз не? Ірі әлеуметтік деңгей - әлеуметтік кұрылым, қауым, үлкен әлеуметтік топ, тап, жүйе, процесс, объект, өркениет және оның аса ірі түрі. Ол уақ-түйекті қарастырмайды, кешенді түрдегі жағдайларды шешеді, дүниежүзілік қоғамдық жүйемен байланыста және әрекетте, әртүрлі мәдениетті, институттар мен қоғамдық құрылымдарды ғаламданған. Шағын әлеуметтік деңгей қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы әлеуметтік процестерді талдауға бағытталған. Ол әлеуметтік мінез-құлыққа, түлғалық арақатынасқа, әрекет мақсат мүддесіне, топтық және қауымдық әрекеттерді ынталандыруға т.б. арналған. Сонымен әлеуметтану - әлеуметтік қауымның қалыптасуы, дамуы, міндетін атқаруы жөніндегі қоғамдық ғылым.
Орындаған: Ақтаева Дильназ Жанатқызы
Достарыңызбен бөлісу: |